Жұма, 27 желтоқсан, 23:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысында құтырма ауруын жұқтыру фактілері тіркелген жоқ

12.09.2023

391 0

Құтырма – бұл осы вируспен зақымданған жануарлармен тікелей жанасу арқылы, тістеу немесе сілекейлеуі мен тырнауы нәтижесінде тері немесе шырышты қабаттардың зақымдануымен берілетін аса қауіпті ауру.

Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы, яғни адамда аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейін 10-нан 90 күнге дейін, кейде 1 жылдан астам уақытқа созылады.

Инфекция көзі – жабайы жыртқыш жануарлар, сондай-ақ үй жануарлары. Құтырма ауруының арнайы емі жоқ, бірақ алдын алу мақсатында алынатын антирабикалық вакцинация шаралары өте маңызды. Сондықтан санитариялық дәрігерлер жануардың тістеуі немесе тырнауы кезінде бірінші кезекте зардап шеккен адамға жараны сабынды ерітіндімен шұғыл жуу қажет екенін ескертеді, өйткені сілтілі орта құтырма вирусын бейтараптандырады. Содан кейін медициналық көмекке жүгініп, дәрігер тағайындайтын антирабикалық екпені алу қажет.

2023 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша Қызылорда облысы тұрғындары мен жануарлар арасында жергілікті  аса қауіпті құтырма ауруы тіркелген жоқ. Дегенмен әр түрлі жануарлардың тістеуінен, тырнап, сілекейленуінен зардап шегіп, медициналық көмекке 1400 адам жүгінді, барлығы антирабикалық екпемен қамтылды. Жарақат алғандардың 50,3%  – 14 жасқа дейінгі балалардың үлесінде. Облыстық көрсеткіштен жоғары деңгей Арал ауданы мен облыс орталығында қалыптасты.

Жарақат алғандардың басым көпшілігі, яғни 87,7% иттен алған жарақаттар болса, 11% – мысықтардан, 12 жағдай – жылқыдан, 2 жағдай – қасқырдан, 1 жағдайдан түлкі мен МІҚ-дан  алған жарақаттардың үлесінде болды.

Жарақат алғандардың 52% – ауылдық елді-мекен тұрғындары. Медициналық көрсеткіштерге сәйкес жарақат алғандардың 2,2% ауруханаға жатқызылып, ем алса, 55,6% шартты курс және 44,4% шартсыз курс бойынша антирабикалық екпемен қамтылды.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандары санитариялық-ағарту жұмыстарын медициналық қызметкерлер мен тұрғындар арасында тұрақты жүргізіп отырады.

Динара Жанабергенова

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаментінің басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: