Сейсенбі, 26 қараша, 09:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысында құтырма ауруын жұқтыру фактілері тіркелген жоқ

11.01.2024

489 0

Фото: ОСЭБД

Құтырма – бұл осы вируспен зақымданған жануарлармен тікелей жанасу арқылы, тістеу немесе сілекейлеуі мен тырнауы нәтижесінде тері немесе шырышты қабаттардың зақымдануымен берілетін аса қауіпті ауру.

Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы, яғни адамда аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейін 10-нан 90 күнге дейін, кейде 1 жылдан астам уақытқа созылады.

Инфекция көзі-жабайы жыртқыштар (түлкілер, қасқырлар, корсактар, шақалдар және т.б.), сондай-ақ үй жануарлары. Құтырма ауруының арнайы емі жоқ, бірақ алдын-алу өте маңызды. Сондықтан санитариялық дәрігерлер жануардың тістеуі немесе тырнауы кезінде зардап шеккен адамға жараны сабынмен шұғыл жуу қажет екенін ескертеді, өйткені сілтілі орта құтырма вирусын бейтараптандырады. Содан кейін медициналық көмекке жүгініп, дәрігер тағайындайтын екпені алу қажет.

2023 жылдың қорытындысымен облыс тұрғындары арасында жергілікті  аса қауіпті құтырма ауруы тіркелген жоқ. Дегенменәр түрлі жануарлардың тістеуінен, тырнап, сілекейленуінен зардап шегіп, медициналық көмекке 1863 адам жүгінді, барлығы медициналық бақылауда болды. Жарақат алғандардың 49,5% – 14 жасқа дейінгі балалардың үлесінде. Облыстық көрсеткіштен жоғары деңгей Қызылорда қаласында, Қазалы, Жаңақорған аудандарында қалыптасты.

Жарақат алғандардың басым көпшілігі, яғни 87,3%иттен алған жарақаттар болса, 9,8% – мысықтардан, 0,1% – түлкі, қарсақтан, 1,1% – жылқыдан алған жарақаттардың үлесінде болды. Белгісіз жануарлардан алған жарақаттардың үлесі 46% болды.

Жануарлардан жарақат алғандардың 51,3% – ауылдық елдімекен тұрғындары. Медициналық көрсеткіштерге сәйкес жарақат алғандардың 2,1% ауруханаға жатқызылып ем алса, 54 пайызы шартты курс және 46 пайызы шартсыз курс бойынша екпемен қамтылды.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі мамандарымен санитариялық-ағарту жұмыстары медициналық қызметкерлер мен тұрғындар арасында тұрақты жүргізіліп отырады.

Әлия Әбдіқайымова

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: