Сейсенбі, 26 қараша, 03:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысында сарып аурушаңдығы төмендеді

19.01.2024

421 0

Фото: yassy-tur.kz

Сарып ауруының негізгі көзі – жануарлар. Сарып адамға көбінесе жанасу мен алиментарлы жолдар арқылы жұғады. Сондықтан Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ауру малды төлдету, қойдың жүнін қырқып, одан өнім алу кезінде арнайы киім, резеңке қолғапты пайдалану қажеттігін,  мал өнімдерін тек рұқсат етілген орындардан алуды, сүт және сүт өнімдерін, ет және ет өнімдерін қолданар алдында термиялық өңдеуден міндетті түрде өткізуі қажеттігін еске салады.

Аурудың клиникалық белгілері – дене қызуының көтерілуі, тершеңдік, дене салмағын жоғалту.Індетке шалдыққан адамның буындары ауырып, бұлшық еттері мен жүйке жүйесі зақымданады. Жыныс мүшелеріне әсер  еткен жағдайда ерлерде орхитке, әйелдерде түсік тастауға,  жатырдың қабынуына, мастит ауруларына әкеліп соқтырады. Ал балалар мен жасөспірімдерді белсіздік ауруымен зақымдауы мүмкін. Сондықтан дер кезінде дәрігерге қаралмаған жағдайда бруцеллез асқынып, мүгедектікке әкеліп  соқ­тыруы мүмкін.

Қызылорда облысында 2023 жылы алғаш анықталған бруцеллез ауруының 44жағдайы тіркелді. Салыстырмалы 2022 жылға қарағанда ауру көрсеткіші 2 жағдайға төмендеген. Облыс бойынша сарып ауруына шалдығудың Қармақшы ауданында-19, Жалағаш ауданында – 2,Жаңақорған ауданында-8және Қызылорда қаласында-15 дерегі тіркелді.

Науқасқа шалдыққандардың арасында ауыл тұрғындарының үлесі 70,5%-дықұрады. Бруцеллез ауруымен үй жағдайында ауылшаруашылық малдарына күтім жасайтын, қорасын тазалайтын, жем, шөбін беруге қатысатындар шалдыққан.

Ауру ошақтарында індетке қарсы санитариялық-эпидемиологиялық шаралар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар медициналық бақылауға алынды.

Облыстық ветеринариялық бақылау  басқармасының мәліметіне сәйкес өткен жылыбруцеллез ауруына зерттелген малдар арасынан  оң нәтиже анықталған малдар жойылды.

Әлия Әбдіқайымова

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: