ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы лауазымына Сыздықова Гүлмира Жамбылқызы тағайындалды.
Жаңа басшыны ұжымға ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Төрағасының орынбасары М.Т. Рақымжанова таныстырып, жаңа қызметте сәттілік тіледі.
Гүлмира Жамбылқызы 1969 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Қызылорда мемлекеттік медициналық училищесінде «Емдеу ісі, фельдшер» мамандығы бойынша білім алса, 1995 жылы Қарағанды мемлекеттік институтын «Медико-профилактикалық іс» мамандығы бойынша бітірген.
Алғашқы еңбек жолын 1987 жылы Қызылорда темір жол СЭС-інде паразитология бөлімінің дезинструкторы болып бастап, әрі қарай лаборант-химик, коммуналдық гигиена бойынша санитар дәрігердің көмекшісі қызметтерін атқарды.
1995-1998 жылдар аралығында Арал аудандық СЭС-інде дезинфекционист-дәрігер қызметінде болды.
1999-2017 жылдар аралығында Қызылорда қалалық СЭС-те өндіріс гигиенасы, балалар және жасөспірімдер гигиенасы, жалпы санитариялық қағадағалау, тағам нысандарын қадағалау бағыттары бойынша бас маманнан бөлім басшысына дейін сатылап көтерілді.
2017-2023 жылдар аралығында Қызылорда қалалық СЭББ басшысының орынбасары қызметінде болды.
2023 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қызылорда қалалық СЭББ басшысы лауазымын абыроймен ақарды.
“Денсаулық сақтау ісінің үздігі” төсбелгімен марапатталды.
Гүлмира Жамбылқызы – аймақтың денсаулық сақтау саласымен жақсы таныс, өзекті мәселелердің оңтайлы шешімін табуға әлеуеті жеткілікті білікті кадр. Жаңа қызметте сәттілік тілейміз.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!