Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда қаласында 3 күнде 340 адам вакцина салдырды

04.02.2021

1841 0

Қызылорда қаласында «COVID-19» жұқпасынақарсыекпе жасау жұмыстары қарқынды жүруде. Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бүгінге дейін 340 адам вакцина салдырған. Оның ішінде 320-сы медицина қызметкерлері болса, қалған 20-сы екпе салдыруға ниет білдірген тұрғындар.

Қалаладағы №6 қалалық емхананың аға мейірбикесі Ләззат Байтабынова ерікті түрде екпе алғандардың бірі. Вакцина салдырғаннан кейін денсаулығымда еш өзгеріс болған жоқ дейді.

– Тұрғындармен жиі қатынасқа түсетіндіктен медицина қызметкерлінің вирус жұқтыру қаупі өте жоғары. Сондықтан дәрігерлердің екпе салдырғаны дұрыс деп есептеймін. Қазіргі таңда осы вакцинацияның арқасында көптеген дерттің алдын алуға қол жеткіздік. Бұл вакцинаның да коронавирус инфекциясының қаупін сейілтеріне сенімдімін. Екпе салдырғалы бері денсаулығымда еш өзгеріс орын ала қойған жоқ. Сондықтан өзге азаматтарды да вакцина салдыруға шақырамын, – дейді Ләззат Байтабынова.

Бүгінде өңірімізге «Спутник V» ресейлік вакцинасының 1000 дозасы жеткізілді. Қалғаны кезең-кезеңімен келетін болады. Бұл жұмыстарға қазір №1, №3 және №6 қалалық емханалардан 3 егу кабинеттері дайындалды және екпе жұмыстарын жүргізуге облыс бойынша барлығы 133 мейірбике, 89 дублер тартылған. Алғашқы кезеңде екпе қабылдағандардың денсаулығы бірқалыпты, еш шағымдары жоқ дейді мамандар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: