Сәрсенбі, 18 желтоқсан, 22:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№99 (2109)
14.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда тұрғындары арасында су факторына байланысты аурушаңдық тіркелген жоқ

26.05.2023

597 0

Қызылорда облысы тұрғындарының орталықтандырылған ауыз су жүйесімен 98,2%, орталықтандырылмаған сумен 1,7% және тасымалды ауыз сумен 0,1%  қамтамасыз етілген. Жалпы облыс  бойынша негізінен жер асты су көздері пайдаланылуда.

Бүгінгі таңда Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бақылауында 205 сумен жабдықтау объектісі бар, оның ішінде: 182 орталықтандырылған жүйелердің су құбырлары және 23  орталықтандырылмаған сумен жабдықтау объектілері.

2023 жылдың 4айында орталықтандырылған сумен жабдықтау объектілеріненмикробиологиялық көрсеткіштеріне 366 су сынамасы алынып, оның 2-еуі талаптарға сәйкес келмеді, сай келмейтін сынамалардың үлес салмағы – 0,5 пайызды құрады.

Ауыз судың санитарлық-химиялық көрсеткіштерінее 320 сынама алынып, оның 8-нде сәйкессіздік анықталды, сай келмейтін сынамалардың үлес салмағы –2,5 пайызды құрады (талаптарға сай келмейтін су сынамалары Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандарынананықталды). Санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік көбіне: сульфаттар, құрғақ қалдық, хлоридтер, кермектілік бойынша  нормадан жоғары анықталды.

Облыс көлеміндегі барлық орталықтандырылған  сумен жабдықтау объектілерінде  жуу тазалау және дезинфекциялау жұмыстары толығымен жүргізілді. Халық арасында су факторына байланысты аурушаңдық  тіркелген  жоқ.

Динара Жанабергенова,

облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: