Бейсенбі, 26 желтоқсан, 20:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда: Вакцинациялаудан кейінгі асқыну жағдайлары тіркелген жоқ

17.01.2022

562 0

Облыс бойынша коронавирус инфекциясына қарсы иммундау науқанына 106 екпе кабинеті жұмылдырылған.  Бұдан бөлек,  шалғайдағы елді мекендерде, ұйымдасқан ұжымдарда, адамдар көп жиналатын жерлерде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау жүргізу үшін арнайы оқытылған медициналық персоналмен жасақталған және арнайы тоңазытқыш жабдықтарымен жарақтандырылған жылжымалы егу бригадалры іске қосылған. Бүгінгі күні 36 жылжымалы бригаданың жұмысы ұйымдастырылған.

Екпе кабинеттері «салқын тізбек» қағидатын сақтау мақсатында қажетті мұздатқыш жабдықтармен, мұздату элементтерімен қамтамасыз етілген.

Бүгінгі күні облыс азаматтарын вакцинациялау Казвак, Синовак, Пфайзер препаратарымен жүргізілуде.

Медициналық ақпараттық жүйенің мәліметтеріне сәйкес 2022 жылғы 16 қаңтардағы жағдай бойынша тиісті контингенттің 92,4% вакциналаудың 1-компонентімен қамтылса, 86,8%  вакцинациялаудың толық курсынан өткен. Пфайзер препаратының 1-компонентін тиісті контингенттің 18,4% салдырса, 2-компонентін 10,2% алған.

Облыс тұрғындары арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру деректерінің басым көпшілігі екпе алмаған адамдар арасында анықталып отыр. Керісінше, вакцина алған азаматтар арасында вирусқа шалдығу деректері өте төмен, небәрі 0,4%-ды құрайды. Ковид жұқтырған науқастарды емдеумен тікелей айналысатын дәрігерлер де екпе алған адамдар мен екпе алмаған нпациенттер арасында айтарлықтай айырмашылық барын, яғни вакцинацияланғандар арасында ИВЛ аппараттарына, жан сақтау бөлімдеріне жатқызу деректері тым аз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: