Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 02:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада 37 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

12.02.2024

456 0

Сурет: pixabay.com

Aqmeshit-aptalygy.kz – Қызылорда облысында жыл басынан бері 37 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.

Былтыр өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 118 дерегі анықталды. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар үлесі 47 деректі құрады.

Биыл жыл басынан бері коронавирус инфекциясының 37 жағдайы тіркелді. Оның 27-сі қаңтар айында анықталған. Ал ақпан айында ол 10 жағдайды құрады. Басым көпшілігі ауру симптомымен анықталды. 

«Елімізде бірқатар өңірде КВИ бойынша аурушаңдық көрсеткіштерінің артуы байқалады. Жалпы, күз, қыс, көктем мезгілдері тұмау, жіті респираторлы вирусты инфекциялардың эпидемиологиялық маусымы саналады. Осыған орай ҚР халқының арасында ауа-тамшы жолы арқылы берілетін инфекциялық аурулардың (қызылша, COVID-19 коронавирус инфекциясы, тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялар) таралуының алдын алу мақсатында ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2024 жылғы 8 ақпандағы №2 қаулысы қабылданды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен. 

Ақпарат көзі: қазақпарат

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: