Жұма, 18 сәуiр, 02:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№27, 2140
15.04.2025
PDF мұрағаты

Қызылордада 7 мыңнан астам бұрымды қыз АПВ екпесін алды

09.04.2025

295 0

Адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцина жатыр мойны обырынан қорғайды және әйелдің бала туу қабілетіне әсер етпейді.
АПВ-ға қарсы вакцинациялау әлемнің 135 елінде жүргізіледі, 2013-14 жылдардан бастап көрші мемлекеттер – Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түрікменстанда, Ресейде жүргізілуде. Әлемдік деңгейде АПВ-ға қарсы вакцина өзінің тиімділігін дәлелдеген.
Қазақстанда адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау 11 жастағы қыздарға жасалады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша АПВ екпесін ерте жаста, яғни 9-14 жас аралығындағы жасөспірім қыздар арасында қолдану барынша тиімді. Осыған сәйкес Қазақстан Республикасында жоспарлы екпеге (11 жас) қосымша 12-13 жастағы қыздарға 2024 жылдың күзінен бастап адам папиллома вирусына қарсы вакцинация ілеспе егу ретінде жүргізілуде. Вакцинация тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілді.
Бүгінгі күні Қызылорда облысы бойынша 7 241 бұрымды жасөспірім АПВ екпесін алды, оның ішінде 11 жастағы қыздар – 3783, 12-13 жастағы қыздар – 3458. Вакцинациядан кейінгі қолайсыз көріністер тіркелген жоқ. АПВ вакцинасы 6 айлық аралықпен екі рет егіледі.
Адам папиллома вирусының 200-ден астам түрі бар. Оның кем дегенде 14-і жоғары онкогенді, шырышты қабаттар арқылы таралуы мүмкін және 95 пайыз жағдайда жатыр мойны обырын, сондай-ақ басқа да қатерлі ісіктерді тудыруы мүмкін. Жатыр мойны обырын тудыратын адам папиллома вирусын емдеудің тиімді әдісі – вирусқа қарсы вакцина салдыру екені ғылыми дәлелденген. Жатыр мойны обыры – алдын алуға болатын жалғыз қатерлі ісік түрі.
Қолданылатын вакцина – АҚШ-та жасалған «Гар¬дасил». Вакцина қауіпсіз және құрамында вирустың ДНҚ-сы жоқ. Аллергиялық реакциялардың ықтималдығы минималды. Жүргізілген зерттеулер бойынша, вакцина 10 жылдың ішінде әсерін жоғалтпайды және жыл сайын егу қажеттілігі жоқ. Сондықтан Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ата-аналарға қыздардың ден-саулығы мен болашағы үшін оларға екпе салдыртуға кеңес береді.

Әлия Әбдіқайымова
Қызылорда облысының СЭБД басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: