Сенбі, 21 желтоқсан, 23:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада 78 мыңға жуық адам екпе салдырды

20.05.2021

1160 0

Қызылорда облысында коронавирусқа екпені 77751 адам салдырды. Ал екінші дозасын 20901 адам қабылдады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов баяндады.

– Өңірде отандық және шетелдік ғалымдардың жасаған екпелерінің қоры жеткілікті. Сондай-ақ, жылжымалы егу бригадалары халыққа қолжетімді жерлерде және шалғай ауыл-аймақтарды аралап вакцина салуда. Қазір өңірде эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді. Қалыпты өмірге қайта оралу үшін сақтық шарасына мән беріп, екпе салдырайық,- деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов.

Соңғы тәулікте облыста коронавирус инфекциясын 24 адам жұқтырды. Қазір аймақ бойынша инфекциялық стационарда 392 науқас, реанимациялық бөлімде 44 науқас ем қабылдауда.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: