Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 12:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада «Аңсаған сәби fest» фестивалі өтуде

22.08.2024

453 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын іске қосуды тапсырған болатын. Нәтижесінде, экстракорпоральды ұрықтандыруға бөлінетін квотаның саны жылына 7 мыңға дейін артқан. Осылайша, мыңдаған отбасы бала сүю бақытына ие болуда.

«АҢСАҒАН СӘБИ FEST»фестивалінде Қызылорда облысындағы «Аңсаған сәби» бағдарламасының көмегімен ата-ана атанған отбасылардың бастамасымен, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының және «Экомед-Сырдария» клиникасының қолдауымен 100-ден астам кішкентай бүлдіршіндер мен ата-аналары бас қосты.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша: мемлекеттік квотаның көмегімен 2021-2023 жылдар аралығында жалпы 21 000 пациентке ЭКҰ жасалып, олардың 8 000 жүктілік бойынша есепке тұрып, 7 000-ға жуық сәби дүниеге келген.

Қызылорда облысы бойынша 2021 жылы – 281, 2022 жылы – 277 квота, 2023 жылы – 274, 2024 жылы – 270 квота берілген.

Өткен 2023 жылы облысқа бөлінген 274 квотаның 63% «Экомед-Сырдария» клиникасына дайындыққа жолданып,нәтижесінде жүктілік 152 жағдайда тіркелген (55.5%). 2023 жылы ЭКҰ арқылы 119 бала туылып, 5 отбасында егіз сәбилер дүниеге келген.

Фестивальдің негізгі ұйымдастырушыларының бірі – «Экомед» адам репродукциясы клиникалар тобы «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша үш жыл аралығында жалпы саны 6 554 квотаны игерді. 3 540 (54%) пациент жүктілік бойынша есепке тұрған, 2 487 (38%) сәби дүниеге келген.

Фестиваль аясында Қазақстандағы алғашқы ЭКО-зертхана – «Экомед» клиникалар желісінің 30-жылдық мерейтойына байланысты, облыс дәрігерлеріне арналған «Бедеулікті емдеу: амбулаторлық буыннан қосымща репродуктивті технологияларға дейін» атты ғылыми-практикалық семинар және 100 шақты пациентке бедеулік мәселесі бойынша тегін қабылдаулар өтпекші.

«1995 жылдың 18 cәуірінде алғашқы ЭКО-зертханасын ашып, бедеулікті емдеудегі жоғарғы технологияларды енгізгеннен кейінгі 30-жылда тек Экомед клиникаларында 20 мыңнан астам нәресте дүниеге келді. Елімізде 20 шақты ЭКО-клиникалары еңбек етуде. Соңғы жылдары Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен енгізілген «Аңсаған сәби» бағдарламасы арқылы жылына бөлінетін 7000 квота еліміздегі бұл медицина саласының дамуына және мыңдаған отбасылардың ата-ана атанып, бақытқа кенелуіне үлкен үлес қосуда. Үкіметтен осындай қолдау алып жатқанымыз үшін саланың мамандары мен бақытқа қол жеткізген пациенттеріміздің атынан айтар алғысымыз шексіз», дейді Қазақстандағы эко әдісінің негізін қалаушы, алғашқы эко-нәрестенің авторы, профессор, биология ғылымдарының докторы Салтанат Байқошқарова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: