Байқоңыр қаласында алғаш рет гемодиализ орталығы ашылды. Енді созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан науқастар жол азабын тартып, өзге аудан мен қалаларға сабылмай, жақын маңнан тегін ем ала алады.
Жеке инвестор «Diaverum» компаниясының қаржысына ашылған гемодиализ орталығы бүйрек жұмысын жақсартуға және вирусты гепатитке шалдыққандарға көмек көрсетеді. Орталық бір мезетте 5 науқас қабылдап, 10 адамға ем жасай алады.
Бүгінгі уақытта Байқоңыр қаласында орталық жұмысына тәуелді 10 адам есепте тұрады. Әдетте, науқастарға гемодиализ қабылдау үшін аптасына үш рет ем алу қажет. Әр процедура 3-4 сағатқа дейін созылады. Гемодиализ залы толықтай озық медициналық қондырғылармен жабдықталған. Орталықтың алдағы уақытта халыққа сапалы медициналық қызмет көрсететiнiне сенiм мол.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!