Сейсенбі, 24 желтоқсан, 07:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада обаны жұқтыру қаупі жоғары 50 мыңға жуық адам вакцинацияланды

04.02.2022

595 0

Қызылорда облысы бойынша оба ауруының эпидемиологиялық ахуалы тұрақты деп бағаланады. Соңғы рет бұл ауру аймақта 2003 жылы Арал ауданында тіркелді.

 Оба ауруының өңірдегі энзоотиялық ауданы 232 200 шаршы шақырымды құрайды. Аса қауіпті кеселдің алдын алу және табиғи ортада эпизоотиялық бақылау жүргізу мақсатында жыл сайын эпидемияға қарсы іс-шаралар кешені өткізіледі, оның ішінде кеміргіштер мен бүргелер оба эпизоотиясының бар-жоқтығына тексеріледі. Бұл қауіпті аумақты дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Өткен жылы 125 200 ш.ш. жер аумағына зерттеу жүргізілді. Физикалық алаңда оба эпизоотиялары анықталды, ауру штамдары тіркелген жоқ.

2021 жылы 25 060 серологиялық зерттеу жүргізіліп, 73 сынамадан оң нәтиже анықталды. Оның 7-еуі Арал теңізі обаға қарсы күрес станциясының қызмет көрсету аумағынан, 66-сы Қызылорда обаға қарсы күрес станциясының қызмет көрсету аумағында тіркелді.

 Оба эпизоотиясы анықталған 19 елді мекеннің айналасына санитариялық қорғаныс белдігі  жасалып, далалық дезинсекция жүргізілді.

  Бұдан бөлек, барлығы 17 277 кеміргіш бактериологиялық, серологиялық әдістермен зерттеп-тексерілді. Ал биологиялық жолмен 1 377 кеміргіш зерттеліп, оң нәтиже анықталған жоқ.

Бүргелерге молекулярлық-генетикалық жолмен 668 зерттеу жүргізіліп, 11 оң нәтиже анықталды. Ал кенелер арасында оба бойынша оң нәтиже тіркелген жоқ. 

Аса қауіпті инфекциялық аурулардың басқа түрлері секілді обаның алдын алу шараларының бірі – вакцинация. 2021 жылы ауылшаруашылығы жануарларының тиісті контингенті ауруға қарсы егумен 100% қамтылды.

Сондай-ақ тәуекел тобындағы 40 976 адам індетке қарсы иммундаудан өтті. Оның ішінде жұқпалы аурудың табиғи ошақтары аумағында орналасқан өндіріс кешендері мен мұнай кәсібінің қызметкерлері де бар.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласының қызметкерлері обаға қарсы күрес станциялары мамандарымен бірлесіп, аймақтағы емдеу-сауықтыру мекемелерінің аса қауіпті ауруларға қарсы әрекет ету дайындықтарын жоспарлы түрде тексереді. Жедел іс-шара жоспарлары мен хабарлау кестесі, обаға қарсы қорғаныс киімдері мен зертханалық жиынтықтардың толық жабдықталуы, дәрі-дәрмек, залалсыздандыру, тұзды ертінділердің қоры мен медициналық персоналдың біліктілігі назарға алынады. 2021 жылы облыстағы 277 емдеу-сауықтыру мекемелерінің дайындығы тексерілді. Анықталған кемшіліктер бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: