Жұма, 31 қаңтар, 00:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№ 7, 2120
28.01.2025
PDF мұрағаты

Қызылордада санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің міндетін атқарушы жеке қабылдау өткізді

30.01.2025

125 0

2025 жылғы 1 тоқсанға арналған жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылығымен азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес бүгін Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Ерлан Ұзақбаев облыстық әкімдік ғимаратында орналасқан Азаматтарды қабылдау орталығында жеке қабылдау жүргізді.
Ерлан Амантайұлы қабылдауға келген тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, көкейде жүрген мәселелерін тыңдады. Атап айтқанда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласы бойынша маман сертификатын алу, қоғамдық тамақтану орындарына рұқсат құжатын алу, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметіне жұмысқа тұру тәртібі, денсаулық сақтау саласында дезинфекция, дезинсекция, дератизация қызметтерін көрсетуге лицензия алу тәртібі бойынша сұрақтар қойылды.
Департамент басшысының міндетін атқарушы азамттар тарапынан қойылған сауалдарға заңнама талаптары бойынша түсіндірмелер жасап, жауап берді.
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету – Департаменттің басым бағыттарының бірі. Сондықтан осы бағытта тұрғындар көтерген әрбір мәселе, келіп түскен талап тілектер қараусыз қалмайды, жүйелі жұмыс жасалады, себебі әрбір арыз-шағымның артында адам тағдыры тұрады»-деді Ерлан Ұзақбаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: