Сейсенбі, 24 желтоқсан, 00:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада ЖРВИ мен тұмаудың эпидемиологиялық ахуалы қандай?

23.02.2023

589 0

Тұмау жыл сайын көптеген елдерде эпидемиялық сипатта таралатын жаһандық инфекция. Бұл аурудың эпидемиологиялық маусымы күз, қыс, көктем мезгілдерін қамтиды. Қазақстанда, әлемнің басқа елдеріндегідей тұмау және ЖРВИ денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

          Қызылорда облысы бойынша 2022-2023 жылғы эпидмаусымда өткен жылғы эпидмаусыммен салыстырғанда жіті репираторлы вирусты инфекциясын жұқтыу жағдайлары 37%-ке өскен. Ауруға шалдыққандардың  65,8 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар, оның ішінде 13,3 пайызы – 1 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді. Ауруханаға жатқызу көрсеткіші 12 пайызды құрады.

     2022-2023 жылғы эпидмаусымда жалпы облыс бойынша ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың ауыр ағымындағы 2437 науқастың сынамасы ПЦР әдісімен тексерілді. Нәтижесінде зертханалық жолмен тұмау ауруының 361 жағдайы нақтылады. Басым бөлігі, яғни 74,4 пайыз облыс орталығында тіркелді. Анықталған 361 тұмау вирусының 75 пайызы В штамына сәйкес келсе, қалған25 пайызы А (H1N2) түрінің үлесінде.

          Тұмау емес вирусты анықтау мақсатында 2138 сынама зерттеумен қамтылып, нәтижесімен 23 тұмау емес вирустар анықталды, оның ішінде басым көпшілігі  аденовирус түрі.  

          Қазір қыстың аяқталып, көктем мезгіліне аяқ басатын кезең, сәйкесінше ауа-райы да құбылмалы болып келеді. Дәл осы кезеңде жылы киімдерді жеңіл киімге ауыстыруға асықпаңыз, маусымға сай киініп жүруге кеңес береміз. Сонымен қатар көпшілік орындарда, нашар желдетілетін жерлерде бетперде киіп, арақашықтықты сақтау да маңызды. Қолды жиі сабындап жуып, антисептиктерді пайдалану да өзектілігін жойған жоқ. Дәрумендерге бай тағамдарды пайдаланып, салауатты өмір салтын ұстану сіздің денсаулығыңызды нығайтуға өз әсерін тигізеді. Бұл сақтық шаралары тек тұмау мен ЖРВИ-дан ғана емес, өзге де инфекциялық ауруларды жұқтырып алу қаупін төмендетеді.

Динара Жанабергенова

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: