Сәрсенбі, 27 қараша, 14:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада жыл басынан бері 11 адам сарып ауруын жұқтырған

18.04.2023

737 0

 Қызылорда облысы бойынша 2023 жылдың 3 айында сарып ауруының 11 дерегі анықталды. Бұл көрсеткіш 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 3 жағдайға артқан. 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер арасында аурушаңдық көрсеткішінің өсу тенденциясы байқалады. Ағымдағы жылдың 3 айында 5 дерек тіркелген болса, 2022 жылдың І тоқсанында 2 жағдай анықталған.

Аудандар кесімінде алатын болсақ, сарып ауруы Қармақшы, Жаңақорған және Қызылорда қаласында тіркелді. Солардың ішінде Қармақшы ауданында-3, Жаңақорған ауданында-2, Қызылорда қаласында 6 жағдай есепке алынды.

Індетке шалдыққандардың арасында ауыл тұрғындарының үлесі 45,4% құрады. Бруцеллез жұқтырғандардың барлығы да ауылшаруашылық малдары бойынша бруцеллезден қолайлы елді мекен тұрғындары. 

Жас санаттары бойынша жіктейтін болсақ, 14 жасқа дейінгілер үлесі -18%, 15-19 жас –27%, 19 жастан жоғары 55%.                 

Эпидемиологиялық талдау жүргізу барысында анықталғандай бруцеллез ауруымен сырқаттанған 9 науқас үй жағдайында уақ және өзге де үй   ауылшаруашылық малдарына күтім жасайды, қалған 2 адам мал шаруашылығымен айналыспайды, сүт-етті сауда орындарынан сатып алып тұтынады.

 Ауру ошақтарында індетке қарсы барлық іс-шаралар жүргізілді, қарым-қатынаста болған 40 адам зертханалық тексерумен қамтылды, ошақтан 1 науқас анықталды. Барлығы медициналық бақылауға алынды.

Аурудың негізгі көзі – жануарлар. Сарып ауруы адамға көбінесе жанасу мен алиментарлы жолдар арқылы жұғады. Сондықтан Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ауру малды төлдету, қойдың жүнін қырқып, одан өнім алу кезінде арнайы киім, резеңке қолғапты пайдалан, сүт және сүт өнімдерін, ет және ет өнімдерін қолданар алдында термиялық өңдеуден міндетті түрде өткізуі қажеттігін еске салады.

Аурудың клиникалық белгілері – дене қызуының көтерілуі, тершеңдік, дене салмағын жоғалту.Індетке шалдыққан адамның буындары ауырып, бұлшық еттері мен жүйке жүйесі зақымданады. Жыныс мүшелеріне әсер  еткен жағдайда ерлерде орхитке, әйелдерде түсік тастауға,  жатырдың қабынуына, мастит ауруларына әкеліп соқтырады. Ал балалар мен жасөспірімдерді белсіздік ауруымен зақымдауы мүмкін. Сондықтан дер кезінде дәрігерге қаралмаған жағдайда бруцеллез асқынып, мүгедектікке әкеліп  соқ­тыруы мүмкін.

Әлия Әбдіқайымова,

Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: