Бейсенбі, 28 қараша, 14:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық  эпидемиологтар қызылша ауруынан сақтануға шақырады

02.03.2023

1042 0

Бүгінгі таңда әлемнің бірқатар елдерінде қызылша ауруының өршу жағдайлары тіркелуде. Еліміз бойынша да бұл аурудың эпидемиологиялық ахуалы алаңдатарлық. Ағымдағы жыл басынан бері республика көлемінде қызылша ауруына күдікті 11 дерек тіркелген, оның 6-уы зертханалық жолмен нақтыланды. Ауруға шалдыққандардың 4-еуі 14 жасқа дейінгі балалр үлесінде. Басым көпшілігі егілмеген адамдар арасында анықталуы ауруға қарсы вакцинаның өз тиімділігін дәлелдейді.Тіркелген қызылша ауруының барлығы сырттан тасымалданған, барлық науқастар Стамбул қаласынан келгені анықталып отыр. 

  Қызылорда облысы төңрегінде соңғы 2 жыл қатарынан  қызылша мен қызамықтың эпиджағдайы тұрақты болып, бірде-бір жағдайда тіркелмеген. Соңғы рет 2021 жылы 1 дереканықталған.

Қызылша ауруы жоғары контагиозды ауа-тамшылары арқылы  жұғатын жұқпалы ауру. Иммунитеті төмен, қызылшаға қарсы егілмеген немесе екпенің толық курсын алмаған азаматтар ауруға сезімтал болып келеді.

Қызылша мен қызамық – бір-біріне өте ұқсас жұқпалы аурулар. Екеуінің қоздырғышы–вирус, ауа арқылы таралады, екеуіне тән белгі –денеде бөртпелердің шығуы. Сондай-ақ дене қызуы көтеріліп, жөтел пайда болып, көз жасаурап, мұрын бітеледі.Бұл жағдай 2-3 күнге дейін созылып, одан соң денеде бөртпелер пайда болады. Алғашында бет аймағында, құлақ артында шығып, содан соң денесіне тарайды. Ауру көзі болып  ауру белгілері анық сипатталған  және жасырын түрде өтетін науқастар болып табылады. Туа біткен қызамық ауруына шалдыққан  нәресте де  өте қауіпті болып саналады, себебі ол 1,5 жасқа дейін вирусты қоршаған ортаға бөледі.

Әр жұқпалы ауру өз асқынуларымен қауіпті, сол сияқты қызылша ауруындаортаңғы құлақтың, өкпенің, кеңірдектің, бронхтың, ми қабаттарының қабынуына әкеліп соқтырса, қызамық ауруы, әсіресе жүкті әйелдер үшін  қаупті. Жүкті әйелдер вирусты жұқтырғаннан кейін қан арқылы нәрестеге жұқтырады, нәтижесінде әйелдерде  түсік тастау, өлі бала туу сияқты асқынуларболуы мүмкін. Жатырішілік көру, есту, жүрек, бауыр, сүйек ағзаларының зақымдануы салдарынан бала соқыр, саңырау, жүрегінің және ақыл есінің кемістігімен туылады.

Ең тиімді әрі сенімді алдын алу жолы –вакцинация. Қызамық пен қызылша ауруларына қарсы егулер баланың 12-15 айлығында және 6 жасында жүргізіледі. Егуден кейінгі иммунитет күші 2-3 аптадан соң пайда болып, 20 жылға дейін сақталады.

Облыс бойынша 2022 жыл қортындысымен 1 жастағы 20 мыңға  жуық (КПК1 егу), 6 жастағы 17 мыңға жуық (КПК2 егу) бала екпелермен қамтылған. Егілуге тиісті бала санына шаққанда қамту көрсеткіші КПК1 вакцинасымен 91,5 пайызды, КПК2 вакцинасымен 86 пайызды құрады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес  жұқпалы аурулардың таралып кетуіне жол бермеу мақсатында халық арасында ұжымдық иммунитет қалыптастыру қажет. Ұжымдық иммунитет егілуге тиісті азаматтардың кем дегенде 95 пайызы қамтылған жағдайда ғана қалыптасады. Облыс бойынша қызылша ауруына қарсы профилактикалық екпелермен толық қамтылмауы ауруға сезімтал азаматтардың көбеюіне алып келеді, бұл өз кезегінде ауру сырттан тасымалданған жағдайда облыс төңрегінде таралып кетуіне себепкер болады.  

Есте сақтаңыз! Ауыр ағымда өтетін, тіпті өлім каупі бар аурудан сақтанудың бірден-бір жолы – вакцинация.

Балаңыздың денсаулығы Сіздің қолыңызда.

Өз балаңыздың уақытылы екпемен қамтылуына және еліміздің сау азаматы болып өсуіне ат салысыныз. 

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жанабергенова

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: