Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары мемлекет тегін медициналық көмектің кепілді берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеті бойынша жеткізушілер көрсеткен қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізуді жалғастыруда.
2022 жылдың 8 айында халыққа медициналық көмек көрсету кезінде 62 759 түрлі кемшілік анықталды, медициналық ұйымдарға салынған айыппұл сомасы 752,4 млн теңгеден асты.
«ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша Қор жеткізушілері халыққа көрсеткен медициналық қызметтер үшін ақы төлеу осы қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана жүргізілетінін атап өткен жөн. Іс жүзінде көрсетілген және медициналық көмек көрсету стандарттары мен ережелерін, сондай – ақ клиникалық хаттамалардың ұсынымдарын сақтай отырып, құжатпен расталған қызметтерге ақы төленеді», – деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.
Қор филиалының директоры түсіндіргендей, анықталған кемшіліктің ең көп саны жан басына шаққандағы нормативке кірмейтін, әрбір қызмет жеке төленетін консультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсетумен байланысты. Жалпы құны 133,5 млн теңге болатын 50 490 осындай ақаулар тіркелді. Сондай-ақ, амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде 6 467 ақау, тәулік бойы жұмыс істейтін көп бейінді стационарларда медициналық көмек көрсету кезінде 5 869 кемшіліктер анықталды.
Егер сізде сапалы медициналық қызметтерді алуға қатысты сұрақтар туындаса, онда өз емханаңыздың Пациентті қолдау қызметіне хабарласуыңыз қажет. Егер мәселені сол жерде шешу мүмкін болмаса, онда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өзіңізге ыңғайлы тәсілмен өтініш беріңіз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!