Сенбі, 28 желтоқсан, 03:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылорданың ауруханалары оттегі аппаратымен толық қамтылған

13.08.2021

654 0

Коронавирус пандемиясы басталғанда Қызылорда облысында барлығы 76 өкпені жасанды желдету аппараты (ИВЛ) болды. Бүгінде медицина ұйымдарында 251 ИВЛ аппараты бар. Орталықтандырылған оттегімен 518 төсек орны жабдықталған. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов мәлімдеді.

Өңірімізде көп бейінді облыстық аурухана мен Қазалы ауданында 2 оттегі стансасы орнатылған. Өткен жылдың қараша айында іске қосылған көп бейінді облыстық аурухана жанындағы оттегі өндіруші станса күніне 160-қа жуық баллонды оттегімен толтырып, айына 4200-ге жуық баллонды оттегімен қамтамасыз етуде. Бұл аурухананы толық қамтамасыз етуге жеткілікті.

Ал, Қазалы ауданаралық ауруханасы жанынан ашылған оттегі өндіруші стансасы күніне 60-қа жуық, айына орта есеппен 1800 баллонды оттегімен толтыруда.

Одан бөлек, оттегіні қажет ететін тыныс ауруларын емдеу кезінде және ауруханаларға ауыр жағдайда түскен науқастарға, реанимациялық бөлімшелерде және интенсивті терапия бөлімшелерінде оттегіні жеткізу мақсатында денсаулық сақтау ұйымдарына демеушілер есебінен 682 дана оттегі концентраторлары жеткізіліп берілді.

«Оттегімен қамтамасыз етіп отырғандармен қоса, аймақтағы волонтер жастарымызға да алғыс айтқым келеді. Күніне 100-160 баллонды тасу да оңай емес. Сонымен қатар, «ҚазгерМұнай» және «ПетроҚазақстан» мекемесі де біздің ауруханаларға 40 «Hi-Flow» ағынды оттегі терапиясы аппаратын сатып алып берді. Әр аппараттың құны шамамен 2,5 млн теңге», – деді Сәбит Пазылов.

«Көктем айларында тәулігіне 30, 40, 50 баллон тұтынатын. Қазіргі уақытта 160 баллонға дейін пайдаланамыз. Ешқандай қажеттілік туып жатқан жоқ. Оттегі жетпей жатқанда, оттегі шығаратын стансалармен келісім-шарт жасап қойдық», – деді көпбейінді облыстық аурухананың бас дәрігері Нұриддин Амитов.

Ал қалалық аурухананың бас дәрігері Бауыржан Төлеген қазіргі таңда 170-ке жуық баллон оттегі бар екенін айтты.

«Шілде, тамыз айына дейін көпбейінді қалалық ауруханада 30-35 баллон оттегі қолданылып келсе, бүгінде науқастардың санының тым артуына байланысты 140-170 баллон оттегі пайдалануда. Үй жағдайында өз бетімен емделген науқастардың ауруы асқынып, ауруханаға түсуі көбейді. Сондықтан, оттегіні көп қажет етіп жатырмыз дейді. Дегенмен, оттегі баллондарының жетіспеушілігі болған жоқ»,- деді Бауыржан Төлеген.

Kyzylorda-news.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: