Сәрсенбі, 25 ақпан, 14:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№15 (2227)
24.02.2026
PDF мұрағаты

Қызылша аурушаңдығының таралуын алдын алу бойынша қабылданған шаралар

25.02.2026

34 0

Фото: ашық дереккөзден

Елімізде қызылша бойынша эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандырып, аурудың одан әрі таралуын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2026 жылғы 19 ақпандағы №3 «Қазақстан Республикасында қызылша бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу шаралары туралы» қаулысы қабылданды.


Құжатта қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы иммундауды кеңейту көзделген:
• 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі балаларды егу – жағдай тұрақтанғанға дейін;
• ұлттық профилактикалық екпелер күнтізбесіне сәйкес егілмеген 2-5 жас және 7-18 жас аралығындағы балалар – ілеспе және толықтыра иммундау аясында;
• 30 жасқа дейінгі егілмеген, егілгені туралы деректері жоқ, сондай-ақ ақпараттандырылған келісімді алғаннан кейін осы инфекцияға қарсы алдыңғы қосымша жаппай иммундау барысында егілмеген денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлерін егу – ілеспе және толықтыра иммундау аясында;
• шетелдік азаматтарды қоса алғанда, ақпараттандырылған келісімді алғаннан кейін қызылшамен ауырған адаммен соңғы қарым-қатынаста болған сәттен бастап 72 сағаттан кешіктірмей 30 жасқа дейінгі адамдарға – шұғыл вакцинация.
Қаулыға сәйкес балаларды стационарларға, ұжымдық ұйымдарға қабылдауға қатысты бірқатар күшейту шаралары белгіленді:
• балаларды жоспарлы түрде стационарларға жатқызу тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар балаларды қоспағанда, қызылшаға, қызамыққа және эпидемиялық паротитке қарсы вакцинация болған кезде жүзеге асырылады;
• жабық мекемелерге (балалар үйлеріне, мектеп-интернаттарға, балалар мен ересектерге арналған психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарға) қабылдау Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесі шеңберінде вакцинация болған кезде жүзеге асырылады;
• қызылша жағдайларының тіркелуі кезінде екпе алмаған балалар мектепке дейінгі ұйымдарға және мектептерге барудан уақытша шеттетіледі.
Қазақстан Республикасының қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар министрліктері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті бойынша Қаулыда белгіленген шаралар:
• қызылшамен ауыратын науқастармен байланыста болған, ауру белгілері бар не инфекциялық аурулардың ошақтарынан келген әскерге шақырылушыларды әскери бөлімдерге келген кезде 21 тәулікке оқшаулау;
• әскери, арнаулы оқу орындарына қабылдауды Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесі шеңберінде вакцинация болған кезде жүзеге асыру;
• қызылша жағдайларын тіркеу кезінде бөлімшелерден және науқаспен қарым-қатынаста болғандар қатарынан адамдарды ауыстыруға және жұмыстан шығаруға тыйым салу.

Әлия Әбдіқайымова
Қызылорда облысының СЭБД басшы орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: