Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылша ауруын екпемен еңсеруге болады

16.04.2024

403 0

Қызылорда облысы бойынша қызылша ауруының эпидемиологиялық ахуалы тұрақтанып келеді. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың қаңтар айында 366 адамнан ауру анықталған болса, ақпанда 347-ге төмендеді. Ал наурыз айында 336-ға түсті, яғни төмендеу тенденциясы байқалады.
Бұл ретте қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау науқанының тиімділігін көруге болады. 2023 жылдың 06 қарашасынан басталған бұл шара аясында 71784 адам ауруға қарсы екпе алып, бүгінгі күні ұжымдық иммунитет қалыптасып келеді. Дегенмен эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандырып, вирус айналымын әлсірету үшін әлі де тиісті контингент екпемен қамтылып, қорғаныш қабілетін нығайтуы керек. Қазір аймағымыздағы барлық емханаларда қызылшаға қарсы қосымша иммундау жалғасып жатыр. Екпе қоры жеткілікті, вакцинадан кейінгі асқыну жағдайлары орын алған жоқ.
Сондықтан Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ата-аналарды 6-11 айлық сәбилерін, 2-5 жас аралығындағы балаларын ауруға қарсы егуге шақырады. Бұдан бөлек, Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес әрбір бала 12-15 айлығында және 6 жасында қызылша, қызамық пен паротитке қарсы вакцина алуы қажет.
Эпидемиологиялық мониторинг қызылша індетіне шалдыққандардың басым бөлігі ауруға қарсы екпе алмағандығын көрсетіп отыр, бұл өз кезегінде қызылша инфекциясынан сақтанудағы екпенің қажеттілігін тағы бір дәлелдеп отыр. Халық арасында қызылша ауруына қарсы вакцинациялау барысы әлсіреп, екпеден бас тартушылар саны артқан жағдайда ұжымдық иммунитет бәсеңдей түседі, сәйкесінше ауру жұқтырып алу қаупі күшейе түседі. Қауіп тобында – екпе алмаған, иммунитеті әлсіз адамдар. Сондықтан аурушаңдық көрсеткіштері бәсеңдей түскен уақытта қайтадан өршітіп алмас үшін, уақытылы ем қабылдап, вакцина алудың өзектілігін түсіндіреміз.
Сондықтан сақтық шараларына салғырт қарамай, екпе алу арқылы аурудан қорғануға болатындығын ұмытпаңыз.

Әлия Әбдіқайымова
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: