Сейсенбі, 26 қараша, 11:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылшаның эпидахуалын тұрақтандыру мәселесі қаралды

05.01.2024

609 0

Бүгін қызылша ауруының эпидемиологиялық ахуалын тұрақтандыру бойынша құрылған жедел штабтың кезекті отырысы өтті.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласы мен денсаулық сақтау басқарма мамандары, медицина ұйымдарының басшыларының қатысуымен өткiзiлген жиында қызылша ауруының алдын алу жұмыстарының барысы, вакцинациялау көрсеткіштері, екпеден бас тартушылармен тиімді жұмыс жасау әдістері, ауруды диагностикалау мен емдеу алгоритмдері, дәрі-дәрмектер мен төсек орындар қоры, науқаспен қарым-қатынаста болғандарды медициналық бақылауға алу алгоритмдері пысықталып, проблемалық мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар қаралды.
Қызылорда облысында 5 қаңтардағы жағдай бойынша жыл басынан бері қызылша ауруына күдікті 80 жағдай тіркелді. Нақты диагноз зертханалық талдаулардан кейін қойылады. Басым көпшілігі балалар арасында анықталуда. Аймақта 6 қарашадан бастап қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау басталды. Вакцинацияны 6 айдан бастап 11 айға дейінгі балалар, 2, 3, 4 жастағы балалар алады. Сондай-ақ вакцинация мәртебесі белгісіз адамдар үшін толықтыра вакцинациялау жүргізіледі. Бүгінде 53945 адам қызылшаға қарсы екпе алды.
Қызылшаны емдеуге арнайы дәрі-дәрмек жоқ, сондықтан екпе ғана сізді және балаңызды осы инфекциядан қорғай алатынын еске саламыз.Қызылша індетіне шалдыққандардың басым бөлігі ауруға қарсы екпе алмаған, Ауырғандардың ішінде екпе алған науқастар да бар, алайда олар қызылшаға қарсы екпенің толық курсын алмаған, тек 1 дозасын алған, яғни ағзада толық иммунитет қалыптаспағандар арасынан ауруды жұқтырып алу деректері орын алып отыр. Сондықтан Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қызылшаға қарсы екпе алуға шақырады.

Әлия Әбдіқайымова
Қызылорда облысының санэпид департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: