Радиация (иондаушы сәулелену) – атом ядросынан бөлінетін энергия. Ол табиғи түрде де, адамның қызметі нәтижесінде де пайда болуы мүмкін.
Радиация медицинада (рентген, компьютерлік томография), ғылымда және өндірісте кеңінен қолданылады.
Радиациялық қауіп бар жерлер арнайы белгімен белгіленеді.
Бұл белгі:
• сары фонда орналасқан
• қара түсті үш жапырақты таңбадан тұрады
Белгі радиоактивті материалдардың немесе иондаушы сәулелену көздерінің бар екенін ескертеді.
Радиациялық қауіпсіздік
Радиациялық қауіпсіздік – иондаушы сәулеленудің адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсерін болдырмауға бағытталған ұйымдастырушылық, санитариялық-гигиеналық және техникалық шаралар жүйесі.
Қазақстан Республикасында радиациялық қауіпсіздік талаптары «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі. Бұл заң халықтың, қызметкерлердің және қоршаған ортаның иондаушы сәулеленуден қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Радиациялық қауіпсіздіктің негізгі мақсаты:
• халықтың және қызметкерлердің радиациялық әсер алуын шектеу;
• иондаушы сәулелену көздерін қауіпсіз пайдалану;
• қоршаған ортаның радиациялық ластануын болдырмау;
• радиациялық бақылау және мониторинг жүргізу.
Негізгі принциптері
- Негіздеу принципі – иондаушы сәулелену көздерін пайдалану қоғамға пайда әкелуі тиіс.
- Оңтайландыру принципі (ALARA – As Low As Reasonably Achievable) – сәулелену дозасы мүмкіндігінше төмен деңгейде болуы қажет.
- Дозалық шектеулер – халық пен қызметкерлер үшін рұқсат етілген сәулелену дозасының нормаларын сақтау.
Радиациялық бақылау
Қазақстанда радиациялық жағдайды бақылау тұрақты түрде жүргізіледі. Радиациялық мониторинг барысында:
• гамма-сәулелену деңгейі;
• ауадағы, топырақтағы және судағы радионуклидтер мөлшері;
• қоршаған ортаның радиациялық жағдайы анықталады.
Радиациядан қорғанудың негізгі қағидалары: - Уақытты шектеу
Радиация көзі жанында болу уақытын мүмкіндігінше қысқарту. - Қашықтық сақтау
Радиация көзінен алыстаған сайын сәулелену деңгейі төмендейді. - Қорғаныш құралдары
Арнайы қорғаныш материалдары (қорғасын, бетон, қорғаныш экрандары) сәулеленуді әлсіретеді.
Халыққа арналған негізгі қауіпсіздік шаралары
• белгіленген радиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтау;
• радиациялық қауіпті объектілерге өз бетімен бармау;
• радиациялық жағдай туралы ресми ақпарат көздерін пайдалану;
• төтенше жағдай кезінде уәкілетті органдардың нұсқауларын орындау.
Г. Сыздыкова
Қызылорда облысының СЭБД басшысы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
