Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 08:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Сабақ кезінде 10 оқушының көзі күйіп қалған

06.09.2021

3214 0

Оралдағы мектептердің бірінде сабақ кезінде 10 оқушының көзі күйіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқушылар көмек сұрап медициналық мекемеге жүгінген. Сыныптағы сабақтардың бірінде кварц шамы қосылып қалған. Нәтижесінде балалардың көздері мен кірпіктері күйіп қалыпты. 

№3 орта мектептің директоры Любовь Юшинаның сөзінше, 4 қыркүйек күні алтыншы сынып оқушылары кварц шамы қосылған сыныпта сабақ өткен. Балалар ауруға және көзінің күйіп қалуына шағымданады.

«Қазіргі уақытта бұл оқиға тексерілуде. Барлық мән-жайлар тексерілуде. Педагогикалық ұжымның, медицина қызметкерлерінің, мектеп директорының орынбасары мен мектеп директорының қызметі тексерілуде. Өкінішке қарай, бес минут ішінде оқушылар мұғалімдердің назарынан тыс қалды. Олар үзіліс кезінше шамды өздері қосқан деген ақпарат та қаралып жатыр», – деді Любовь Юшина.

Денсаулық сақтау басқармасы медициналық көмекке тек 10 оқушы жүгінгенін баса айтты.

«Сегіз ата-ана мен олардың балалары облыстық көпсалалы аурухананың травматологиялық бөліміне жүгінді. Жедел желі арқылы екі қоңырау шалынды. 10 мектеп оқушысы жарақат алды. Олардың барлығын тексерді. Диагноз – электрофтальмия, мүйіз қабығының жеңіл күйігі. Балаларға қажетті медициналық көмек көрсетілуде», – деді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпусунова.

Еске салсақ, осыған дейін Өскемендегі мектептердің бірінде оқитын оқушылар көз қабығының күйіп қалуымен ауруханаға түскен. Сыныптардың бірінде сабақ кезінде бөлмені дезинфекциялауға арналған кварц шамы қосылып тұрғаны анықталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: