Жексенбі, 24 қараша, 10:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Сальмонеллез: берілу жолдары және алдын алу

28.10.2024

613 0

Сальмонеллез – асқазан-ішек жолдарын зақымдайтын жіті жұқпалы ауру.  Сальмонеллездің қоздырғышының беpілу меxанизмі – тaғамдық. Сальмонеллездің берілу факторлары азық-түлік өнімдері, ең алдымен ет және ет өнімдері, жұмыртқа және кремді кондитер өнімдері болып табылады. Сальмонеллез қоздыpғышы  ағзаға түскенде ішекке түсіп, ағзаның сусыздануына, қан тамырлары тонусының бұзылуына және жүйке жүйесінің зақымдануына ықпал ететін токсинді бөледі. Сальмонеллез жұқпасының белгілері:aуру жіті басталады: дене қызуы жоғарылайды, әлсіздік, бас ауруы, қалтырау, жүректің айнуы, құсу, кіндік аймағында ауырсыну пайда болады, кейіннен нәжістің бұзылyы, айқын интоксикация қосылады.     
    Сальмоноллездің алдын алу үшін келесі сақтық шараларын орындау қажет:

  • Рұқсат етілмеген орындарда, кездейсоқ адамдардан тамақ өнімдерін, оның ішінде жұмыpтқа сатып алмау.
     – Тез бұзылатын тамақ өнімдерін тоңазытқышта «тауарлық көршілік» ережесін сақтауды ескере отырып және рұқсат етілген  мерзімі шегінде сақтау керек. Дайындалған тағамның қалдықтарын қолданар алдында жақсы жылыту қажет.
     – Жұмыртқаны пісірілген немесе екі жағынан мұқият қуырылған күйінде қолданған жөн. Шикі жұмыртқаны ішу ұсынылмайды. 
     – Азық-түліктерді (шикі және пісірілген, көкөніс және ет) бөлу үшін жеке кесу тақтайларын және пышақтарды пайдаланыңыз.
     – Шикі ет пен құс етін бөлгеннен кейін пайдаланылған  тақтайларды, пышақтарды және басқа да жабдықтарды ыстық суда немесе ыдыс жуу машинасында мұқият жуыңыз.                                                                                           
  • Шикі және дайын тамақ өнімдерін бірге сақтамаңыз.
  • Жолға шыққанда тез бұзылатын азық-түлікті алмау керек.
  • Жеке бас тазалығын қатаң сақтау, тамақ қабылдау, дайындау алдында, даладан келген соң және дәретханадан кейін қолыңызды міндетті түрде сабынмен тазалап, жиі жуып отырыңыз.        
    Ата-аналар, есіңізде болсын! Кішкентай балалар сальмонеллез ауруына жиі шалдығады, сондықтан ашылған шырыны бар банкаларды дереу пайдалану керек; емізіктер, бөтелкелер, ойыншықтар, күтім заттарын қайнату қажет.
    Ауру белгілері байқалған кезде өзін емдеумен айналыспай,  дереу дәрігерге хабарласыңыз, тек дәрігер дұрыс диагноз қойып, ем тағайындап, аурудың асқынуын болдырмай алдын алады.

Әлия Әбдіқайымова
Қызылорда облысының СЭБД басшы орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: