Сәрсенбі, 28 қаңтар, 19:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№7 (2219)
27.01.2026
PDF мұрағаты

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бағытында мыңнан аса мемлекеттік қызмет көрсетілді

28.01.2026

48 0

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.


Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметімен мемлекеттік қызметтердің 7 түрі бойынша қызмет көрсетіледі. Оның 6 түрі өңірлік департаменттер мен аумақтық басқармалар тарапынан көрсетілсе, 1-еуі Комитетпен көрсетіледі. Барлығы да «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметті беруші мен алушының тікелей байланысын шектеп, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету барысында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілері талаптарының сақталуы, мемлекеттік қызметтер көрсетуде заң бұзушылықтарға жол берілмеуі бақылауға алынған.
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі бойынша 2025 жыл қорытындысымен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы рұқсат құжаттарын алу үшін барлығы 1778 өтініш берілген, оның 1070-сі қанағаттандырылып, рұқсат құжаттары берілсе, 668 құжатқа дәлелді бас тартулар ұсынылды.
Мемлекеттік қызметті алушылардың басым көпшілігі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру бойынша жүгінген. Жүргізілілген талдаулар көрсеткендей, жыл сайын мемлекеттік қызметті алушылар саны артып келеді, 2024 жылмен салыстырғанда 329 өтінішке өскен.
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мемлекеттік қызметті алу кезінде қызметкерлер тарапынан қандай да бір кедергілер орын алған жағдайда 23-70-22 сенім телефонына хабарласуға болатындығын қызмет алушылар назарына жеткізеді.

Г. Сыздыкова
Қызылорда облысының СЭБД басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: