Бейсенбі, 02 мамыр, 11:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Сапалы әрі қауіпсіз ет өнімдерін таңдау бойынша маман кеңестері

29.09.2023

272 0

Қызылорда облысында өнімнің қауіпсіздігін мониторингілеу аясында 2022 жылы сауда орындарынан барлығы 102 ет және ет өнімдері сынамасы сатып алынып, зертханалық зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Мониторинг шеңберінде сараптама жүргізуге іріктеп алынған өнімдердің басым үлесі 54 сынама Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше елдерде өнірілген өнімдер- 53%, 39 отандық өнім – 38% және 9 өзге елдерде өндірілгендері – 9%. Жүргізілген сараптамалар нәтижесімен сатып алынған барлық өнімдердің 13 үлгісі, яғни 12,7 пайызы техникалық регламенттердің талаптарына сай келмей шықты. Атап айтқанда физико-химиялық көрсеткіш бойынша-3, таңбалануы бойынша -5, микробиологиялық көрсеткіш бойынша – 5, сәйкессіздік анықталды. Сәйкессіздіктер анықталған өнімдердің 9 сынамасы отандық өндірушілердің өнімі болса, ал 4 сәйкессіздік Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде өндірілген өнімдер еншісінде.

Зертханалық зерттеу барысында ет және ет өнімдері:

  • Кеден Одағының 034/2013 «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі» техникалық регламенті;
  • Кеден Одағының 005/2011 «Қаптаманың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті;
  • Кеден Одағының 022/2011 «Тағам өнімі оның ішінде таңбалануы туралы» техникалық регламенті;
  • Кеден Одағының 029/2011 «Тағамдық қоспалардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар туралы» техникалық регламенті;
  • Кеден Одағының 021/2011 «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентері бойынша зерттеп зерделеді.
    Сараптама нәтижелерімен қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша сәйкессіздік анықталған импорттық өнімдер туралы ақпарат Комитетке тиісті елдердің өндірушілерін одан әрі хабарлауы үшін жолданды. Отандық өндірушілерге өнімнің сапасы туралы тиісті ақпараттар заңмен белгіленген тәртіппен ұсынылды.
    Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қауіпсіз ет және ет өнімдерін таңдау бойынша келесідей кеңестерді ұсынады.
  • өнімнің сыртқы түріне мән беріңіз, егер заттаңбасы ұқыпсыз, онда
    берілген ақпараттар түсініксіз әрі анық көрінбесе, бұл осы өнімнің сапасына күмәндануға себеп болады. Тағамның таңбалануы, әсіресе ет өнімдерінде толық және нақты болуы кажет, сонымен қатар екі тілде берілуі тиіс. Заттаңбада келесі ақпараттар болуы талап етіледі: салмағы, бағасы, оралған мерзімі, сақтау шарттары, тағамның құрамы, штрих-коды, нормативтік құжат (мемлекеттік стандарт, кеден одағының техникалық регламенті).
  • ет және ет өнімдерінің құрамына назар аударыңыз. Өнімнің
    құрамы түрі мен сұрпына байланысты болады. Құрамындағы барлық қоспалар тағамның рецептінде олардың салмағының азаюы бойынша көрсетіледі. Сондықтан өнімнің құрамында көрсетілген тізімнің ең басында ет компонентері (құрауыштары) – жылқы еті, сиыр еті, тауық еті т.б жазылады. Бірақ оларға етті ауыстырғыш басқада нәрселерді қосуы мүмкін. Бұл соя болуы мүмкін, ол көбінесе өсімдік ақуызы және каррагинан ретінде көрсетіледі, сонымен қатар камеди мен крахмал – бұл компонентер (құрауыштар) суды байланыстырады және етті үнемдеуге мүмкіндік береді. Әрине, шұжықтың құрамын жасыруға тырысатын немесе сатып алушыны шатастыруға тырысатын өндірушілер де бар. Олар тағамның заттаңбасына толық ақпараттар жазбайды, тек тағамның аты мен бағасын көрсетеді. Мұндай тағамды сатып алмаған дұрыс.
  • соңғы уақытта өсімдіктер ақуызы емес, жануарлар ақуызы жиі
    қолданылып жүр. Бұл қайта өңделген байланыстырғышзаттар яғни сіңірлер, шеміршектер мен терілерден жасалған дәмі мен иісі жоқ ұнтақтар. Осы арзан компонентерді (құрауыштарды) суда ерітеді де шұжыққа қосады, яғни бұл ет алмастырғыш болып табылады. Оның да соя сияқты ешқандай дәмі жоқ, сондықтан мұндай шұжықтардың құрамында дәмді күшейткіш глутамат болады. Жақсы еттен жасалған шұжыққа дәмді күшейткіштер қажет емес, оның дәмі – еттің өзінің дәмі екендігін естеріңізге сақтаңыздар.
  • сапасыз ет пен ет өнімдерін тұтыну бірқатар аурулардың пайда
    болуына себеп болуы мүмкін. Ең алдымен-жедел ішек инфекциялары, өйткені ет және ет өнімдері тез бұзылатын өнімдерге жатады және патогендердің тез көбеюі үшін қолайлы орта болып табылады. Сонымен қатар ауру малдардың еті арқылы адамға туберкулез, бруцеллез сияқты ауыр инфекциялар берілуі мүмкін.
  • ет және ет өнімдері арқылы берілетін аурулардың алдын алу мақсатында:
  • өнімдерді тек рұқсат етілген орындардан сатып алу;
  • ветеринарлық-санитариялық құжаттары жоқ, белгіленбеген орындардан кездейсоқ сататын жеке адамдардан алмау;
  • ет және ет өнімдерін өндірушінің ұсыныстарына сәйкес дұрыс сақтау;
  • шикі етті және жартылай өнделген ет өнімдерін қолданар алдында міндетті түрде термиялық өңдеуден өткізу;
  • қаптамадағы ет-шұжық сатып алғанда, ең алдымен оның сыртқы түріне назар аудару. Қаптама ісінбеуі немесе зақымдалмауы керек.
  • жарамдылық мерзімі өтіп кеткен ет және ет өнімдерін пайдаланбау қажет.

Әлия Әбдіқайымова
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау длепартаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: