Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 09:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Саусақ пен мойынды қытырлату зиян ба?

09.02.2023

1396 0

Сурет ашық дереккөзден
Белгілі қазақстандық дәрігер, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ травматология және ортопедия кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан травматологтар қауымдастығының вице-президенті Қанат Тезекбаев буындарды қытырлату зиян ба, деген сауалға жауап берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.Травматологтың айтуынша, саусақтарды қытырлатудың ауыр зардаптары туралы тікелей дәлелдер жоқ, бірақ теориялық тұрғыдан мұндай әдет буындар мен сүйектерге кері әсер етуі мүмкін.
«Адамдарда саусақтарын қытырлатып немесе мойнын оңға-солға айналдырып, қозғалыс жасайтын әдеті бар. Содан кейін жеңілдеп қалғандай сезінесің. Ортопедиялық тұрғыдан алғанда, саусақтарды қытырлату уақыт өте келе денеде қандай да бір тұрақсыздыққа әкелуі мүмкін. Себебі сүйектер бір-біріне үйкеліп, қажалады. Уақыт өте келе адамдардың өзі бұл әдеттен алыстайды деп ойлаймын», – деді Қанат Тезекбаев.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/78124/?utm_source=smi24

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: