Бейсенбі, 26 желтоқсан, 21:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Шашым түсіп, ештеңеге тәбетім жоқ»: Актриса Фариза Ескермес

20.07.2023

552 0

Актриса Фариза Ескермес соңғы кездері денсаулығының нашарлап жүргенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фариза Ескермес өзіне еліктейтін оқырман қыздардан өзінен үлгі алмауын өтінді.

Оқырманның: “Сіз сияқты сымбатты болғым келеді. Құпияңыз неде?” деген сауалына актриса: “Достар, менен үлгі алмаңдар. Мен арықпын, бірақ денсаулығым сыр беріп жүр. Шашым қатты түсіп жүр, ештеңеге тәбетіп жоқ. Бұл жақсы нәрсе емес. Қазір ағзамдағы темірді көтеру үшін дәрі ішіп жүрмін. Сымбатты мүсін денсаулығың жақсы дегенді білдірмейді. Өз-өздеріңізбен болыңыздар. Спортпен айналысыңыз, пайдалы тағам жеңіз, өмірден рахат алыңыз”, – деп жауап берді.

Сондай-ақ актриса басқа қыз-келішектер секілді қазан-ошақтың басында жүрмейтінін мойындады.

“Мен үйде тамақ жасамаймын. Тамақ жасағанды ұнатпаймын, оның үстіне ол нәрсе қолымнан келмейді. Күнде дәмханаларға барамын, тапсырыс беремін немесе түсірілім алаңында тамақтанамын”, – дейді Фариза.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: