Соңғы аптадағы көрсеткіш бойынша Қызылорда облысы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес бүгін, яғни 21 сәуірден бастап «қызыл» аймаққа ауысқанын еді.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі осыған дейін COVID-19 инфекциясының 4890 дерегі есепке алынғанын мәлімдеп отыр. Жыл басынан бері 1498 жағдай анықталса, соның 846-сы сәуір айының 20 күнінде тіркелген.
Өткен тәулікте ауру жұқтырудың 47 жаңа жағдайы тіркелді.
Аймақтар кесімінде:
Қызылорда қаласы-22
Шиелі ауданы-1
Қазалы ауданы-9
Жаңақорған ауданы-7
Қармақшы ауданы-7,
Сырдария ауданы-1.
Еліміздің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №12 қаулысына сәйкес шектеу шараларын қатаңдату эпидемиологиялық жағдай күрделенген жағдайда («сары» аймақтан «қызыл» аймаққа көшу) 5 күн ішінде жүргізіледі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!