Дүйсенбі, 25 қараша, 06:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

«Шын жүректен мың алғыс!»

01.03.2024

540 0

«1 наурыз – Алғыс айту күніне» орай Қызылорда медициналық жоғары колледжінде «Шын жүректен мың алғыс!» атты мерекелік кеш болып өтті.

Мерекелік кешке облыстық денсаулық сақтау басқармасы, медицина саласының ардагерлер кеңесі, емдеу ұйымдарының бас дәрігерлері және колледждің белсенді студенттерінің ата-аналары қатысты.

Кешті облыстық медицина саласы ардагерлер кеңесінің төрайымы Рая Көзденова ашып, құттықтау сөз сөйледі. Қызылорда медициналық жоғары колледжінің директоры Жанар Амангелдіқызы белсенді студенттердің ата-анасына Алғыс хат табыстады.

Кеш барысында ата-аналар қауымы атынан Жадыра Бағдатқызы Алғыс айту мерекесіне арнап жазған авторлық арнау өлеңін оқыса, Сыр өңіріне белгілі әнші Үміт Медеуова ән шашуын тарту етті.

Колледжде жыл сайын дәстүрлі түрде аталып өтілетін Алғыс айту күні мерекесі барша қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Бұл шара оқу орны мен ата-ана және дәрігерлер арасындағы байланыстың нығаюына өз үлесін қосты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: