Сәрсенбі, 08 қазан, 18:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№76, 2188
07.10.2025
PDF мұрағаты

Скринингтен ақысыз өтуге мүмкіндік бар

08.10.2025

133 0

Фото:egemen.kz/ Қырмызы Жұмағалиқызы

Созылмалы және қатерлі ауруларды ерте анықтау мақсатында тегін мемлекеттік медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) аясында Астанада тегін скрининг шарасы өтеді, деп жазады Egemen.kz.

Жыл сайын елордада 330 мыңнан астам тұрғын профилактикалық тексеру мен скринингтен өтеді. Мұндай тексерулер ауруды ерте сатысында анықтауға мүмкіндік береді.

Шара аясында мынадай медициналық тексерулерден ақысыз өтуге болады: 

Артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, глаукома және басқа да қауіп факторлары бойынша – 40 пен 76 жас аралығындағы ерлер мен әйелдерге;
• Сүт безі қатерлі ісігіне – 40 пен 76 жас аралығындағы әйелдерге (маммография екі жылда бір рет);
• Жатыр мойны обырына – 30 бен 74 жас аралығындағы әйелдерге (цитологиялық тест төрт жылда бір рет);
• Тоқ ішек қатерлі ісігіне – 50 мен 76 жас аралығындағы ерлер мен әйелдерге (жасырын қанға талдау екі жылда бір рет).

Тексеру нәтижелері электронды денсаулық паспортына енгізіледі. Қажет болған жағдайда пациент бейінді мамандарға немесе қосымша зерттеулерге жіберіледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: