Жексенбі, 22 желтоқсан, 17:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Сотталғандар арасында қайта вакциналау жұмыстары басталды

29.12.2021

886 0

Коронавирусқа қарсы қайта вакциналау жұмыстары басталды. Екпенің үшінші құрамдас бөлігін ЗК-169/4 мекемесіндегі сотталған азаматтар да өз еріктерімен салдырып жатыр.

Алдымен дәрігер сотталғандарға қайта вакциналау туралы түсіндіріп, ревакцинациялаудан кейін ағзада тұрақты иммунитет қалыптасатындығын айтты. Қайта егу ағзаны жаңа әрі қауіптірек штамдарды жұқтырудан қосымша қорғанысты қалыптастыруға көмектеседі. Екпе алған сотталғандар, өздерін жақсы сезініп, денсаулығына шағымдар түсіріп жатқан жоқ.

«Қайта вакцинаны алуға әрине өзім шешім қабылдадым. Себебі, бәрімізге мәлім әлемнің бәрі осы індетке қарсы қабылдап жатыр. Денсаулығымды нығайту үшін екпені қабылдауға өз еркіммен келдім. Вакцина салдыру арқылы өзіңді де, өзгелерді де қорғайсың. Ешқандай жанама әсерлер бойымда байқалған жоқ.»,-дейді сотталған азамат.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: