Сейсенбі, 24 желтоқсан, 21:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Сотталғандар арасында спорттық жарыс өтті

12.05.2023

727 0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 37 мекемесіндегі сотталғандар арасында спорттық жарыс өтті.

Турнирдің мақсаты сотталғандарды салауатты өмір салтын насихаттау, олардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға шақыру.

Спорттың футбол, қол күрес, гір тасын көтеруден өткізілген жарысқа мекемедегі барлық сотталғандар белсене қатысты.

Футбол алаңында бақтарын сынаған сотталғандар төрт команданаға бөлініп, өз шеберліктерін байқатты. Жарыс нәтижесімен «Қыран» командасы Іорынды жеңіп алды. Гир көтеруден және қол күрестен де сотталғандар белесенділік танытты. С. есімді сотталған 16 кг гір тасын 70 рет көтеріп қарсыластарын басып озды.

-Гір тасын көтеру оңай болмады. Сондада намысқа тырысып, қарсыластарымды басып оздым. Мектеп оқып жүргенімде әр түрлі спорт түрімен шұғылданғанмын. Мекемеішілік спорттық шараларға жиі қатысып, жүлделі орындар алып жүрмін. Іс-шараны ұйымдастырған мекеме әкімшілігіне алғысым шексіз»,-деді сотталған азамат.

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: