Жұма, 13 маусым, 13:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№42 – 2155
10.06.2025
PDF мұрағаты

Спартакиада қорытындыланды

12.06.2025

118 0

Қызылорда медициналық жоғары колледжінің спорт залында медицина саласының ардагерлері Сағындық Шамшиевтiң 80 жас және Шуленбаев Абдулла Сыздықұлының 75 жас мерейтойларына арналған Қызылорда облысының медицина қызметкерлерінің дәстүрлі 57-шi спартакиадасы өз мәресіне жеттi.
Шараға облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ермекұлы қатысып, қатысушыларға кәсіби қызмет пен салауатты өмір салтын қалыптастыруды қатар алып жүргендіктері үшін алғысын білдіре келе, жеңістерiмен құттықтады. Шараға одан бөлек сала ардагерлері мен емдеу ұйымдарының басшылары қатысты.
Айта кетейік, бiр айдан аса уақытқа созылған спорттық жарыста спорттың 9 түрінен ойын ұйымдастырылып, медицина ұйымдарынан барлығы 27 команда білектің күшімен, спорттық шеберліктерінің арқасында бір-бірлеріне қызықты ойын үрдістерін көрсете алды. Нәтижесінде облыстық психикалық денсаулық орталығының спорттық командасы I орын иеленсе, облыстық жедел жәрдем стансасы II орын, Қармақшы аудандық ауруханасының командасы III орынды қанжығаларына байлады. Сондай-ақ жарысқа қатысқан барлық командаларға «Алғыс хаттар» мен ақшалай сыйлықтар табысталды.


 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: