Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау саласында маңызды оқиға — Онкологиялық орталықта қатерлі ісікті емдеуге арналған инновациялы желілік үдеткіш орнатылды,- деп хабарлайды Dalanews.kz
Бұл Солтүстік Қазақстанда енгізілген алғашқы аппарат. Бұл маңызды жоба «Қазақстан халқына» қорының қаржылай қолдауының арқасында жүзеге асты. Бүгін СҚО әкімі мен Ғауез Нұрмұхамбетов қордың төрайымы Ләззат Шыңғысбаевамен бірге заманауи құрылғының мүмкіндіктерімен танысты.

«Бұған дейін біздің тұрғындар бұл қызметті алу үшін басқа өңірлерге баруға мәжбүр болатын. Енді жоғары технологиялы медициналық көмек өзімізде қолжетімді болды. Halcyon желілік үдеткіш пен соңғы буындағы жасанды интеллект жүйесімен жабдықталған компьютерлік томограф сәуле дозасын дәл есептеп, ісіктің шекарасын нақты анықтауға және сәулені тек зақымданған жасушаларға бағыттап, сау тіндерді зақымдамай ем жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл емдеудің жаңа сапалық деңгейі және мыңдаған науқас үшін сауығуға үміт отын ұялатады», – деп жазды өңір басшысы.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!