Жұма, 15 қараша, 23:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90-2100
12.11.2024
PDF мұрағаты

Стоматолог тістің саулығына 3 кеңес берді

26.12.2022

718 0

Стоматолог тіс саулығын сақтау үшін не істеу қажет екенін түсіндірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық тіс дәрігері Искандер Ишанов мереке күндері де ауыз қуысының тазалығын ұмытпау керегін ескертті. Тісті күніне кем дегенде екі рет жуу маңызды. 

«Бірақ тек тісті емес, тілді де тазалау керегін ұмытпаған жөн. Тісті кемінде үш минут жуу керек. Әсіресе ұйықтар алдында түнде тазалау маңызды», – дейді дәрігер. 

Маманның сөзінше, тіс щеткасын да дұрыс таңдау керек. Сіздің тісіңізге қайсы щетка жақсы келетінін таңдап, қажет болған жағдайда маманнан кеңес алу керек. 

Сонымен қатар, ауыз қуысын тазалаудағы маңызды зат – тіс жібі. Себебі қарапайым щетка жетпейтін жерлерді жіппен тазалауға болады. 

Тағы бір маңызды кеңес – тамақтанғаннан кейін ауызды сумен шаю қажет. Искандер Ишанов тіс ремтерапиясын ұмытпау керегін айтады.  

«Қарапайым сөзбен айтсақ: ремтерапия – эмальды минералдармен байыту, атап айтқанда, кальций гидроксиапатитімен. Бұл кариестің алдын алу үшін таптырмас жол. Бірақ ремтерапия алдында тісті кәсіби тазалатып алу керек. Бұл сұрақ бойынша дәрігерден кеңес алған жөн», – дейді маман.  

Сондай-ақ, дәрігердің сөзінше, Жаңа жылдан кейін тіс дәрігеріне жазылып, тісті тексертіп алу керек. Ал тіс дәрігеріне жылына кемінде екі рет барып тексерілу қажет. 

massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: