Дүйсенбі, 13 қазан, 11:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№77, 2189
11.10.2025
PDF мұрағаты

Стоматологиялардың бірінде олқылықтар анықталды

13.10.2025

134 0

Фото: Zakon.kz

Алматыдағы стоматологияның біріне қатысты дау шешімін таппай келеді. Мәселен, қала тұрғындарының бірі тісін емдетемін деп денсаулығына зиян келгенін дәлелдей алмай жүр, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Хабар» телеарнасы таратқан мәліметке сүйенсек, зардап шеккен Айгерім Исқалиеваның тісіне имплант орнатылғаннан кейін, иегі қабынып кеткен. Ал ұлттық сараптама орталығы тіске пайдаланылған материалдың елімізде тіркелмегенін айтады.

Белгілі болғандай, кейіпкер қызмет үшін 3 миллион теңгеден астам қаражат төлепті. Алайда сапасыз қызметтің салдарынан денсаулығына зиян келген. Айгерім Исқалиева имплант пен абатмент үлгілерін Ұлттық сараптама орталығына тапсырған. Орталық болса, аталған өнімнің сертификаты жоқ және мемлекеттік тізімге енбегенін айтыпты.

«Мен абатмент үлгілерін үш түрлі тәуелсіз зертханаға тапсырдым. Зерттеу нәтижесінде олардың құрамында үш түрлі металл бар екені анықталды. Солардың бірі – улы металл ванадий. Сонымен қатар бұл титан емес, негізінен кобальт-хром қоспасынан жасалған екен».Айгерім Исқалиева, қала тұрғыны:

Науқастың айтуынша, стоматология ауызша да, жазбаша да өтінішке жауап бермеген. Ал клиника өкілдері болса, өздеріне тағылған айыптарды мойындамайтынын айтты.

Клиникаға медициналық бұйымдарды Asian Medical Depo Group компаниясы жеткізген. Ал Айгерім медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне жүгініп, осы дистрибьюторлық компанияға қатысты тексеріс жүргізуді сұраған. Биыл наурыз айында жүргізілген тексеріс барысында дистрибьютор сапа сертификаты жоқ тауарларды сатқаны анықталыпты.

«Жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде нұсқама бердік және олар оны орындады. Алайда Әкімшілік кодекстің 62-бабына сәйкес, жауапкершілікке тарту мерзімі өтіп кеткен. Дистрибьюторлық компанияның рұқсат құжаты бар, әрі мұндай қызметпен айналысуға құқықтары да бар».Әли Мырзаев, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Алматы қаласы бойынша департаментінің бөлім басшысы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: