Сейсенбі, 19 қараша, 20:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Антибиотиктерді қолданудың өз ережесі бар

19.11.2024

49 0

Микробқа қарсы препараттарға төзімділік мәселесі туралы хабардарлықты арттыру бойынша дүниежүзілік апталық басталды. 18 қарашада бастау алған бұл шара 24 қарашаға дейін жалғасады.

Басты мақсат – микроорганизмдердің дәрі-дәрмектерге төзімділігі мәселесіне және осы құралдарды ұтымды қолданудың маңыздылығына назар аудару. Биыл Дүниежүзілік апта «Микробқа қарсы тұрақтылыққа қарсы тұру үшін күш біріктіреміз» ұранымен өткізіледі.

Антибиотиктерге төзімділік – адам денсаулығына төнетін үлкен қауіп. Жыл сайын антибиотиктерге төзімді микроорганизмдер тудыратын инфекциялардан 700 000-ға жуық адам қайтыс болады.
Антибиотиктерді дұрыс қолданбау, соның ішінде өзін-өзі емдеу және ауыл шаруашылығында бақылаусыз қолдану микробқа қарсы төзімділіктің пайда болуына негізгі себеп болып отыр.
Тұрақты инфекциялардың дамуын болдырмау, қолданыстағы дәрі-дәрмектердің тиімділігін сақтау, инфекциялардың таралу қаупін азайту, жануарлардың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау мақсатында мыналарды ұсынамыз:
1. Антибиотиктерді тек дәрігердің тағайындауымен қабылдаңыз.
2. Тұмау немесе суық тию сияқты вирустық инфекцияларды емдеу үшін антибиотиктерді қолданбаңыз.
3. Ешқашан басқа адамдарға тағайындалған антибиотиктерді қабылдамаңыз.
4. Тіпті өзіңізді жақсы сезінсеңіз де, емдеу курсын мерзімінен бұрын тоқтатпаңыз.
5. Өз бетінше емделуге болмайды.
6. Қолыңызды үнемі сабынмен жуыңыз, әсіресе тамақтанар алдында және қоғамдық орындарға барғаннан кейін сабынмен жуыңыз.
7. Салауатты өмір салтын ұстаныңыз.

Әлия Әбдіқайымова

Қызылорда облысының СЭБД басшы орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: