Сенбі, 21 желтоқсан, 19:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ауызсу сапасы бақылауда

05.07.2024

417 0

Қызылорда облысы тұрғындарының орталықтандырылған ауызсу жүйесімен 98,7 %, орталықтандырылмаған сумен 1,2%, тасымалды ауыз сумен 0,1%  қамтамасыз етілген. Жалпы облыс  бойынша негізінен жер асты су көздері пайдаланылуда.

Бүгінгі таңда Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бақылауында 204 сумен жабдықтау объектісі бар, оның ішінде: 182 орталықтандырылған жүйелердің су құбырлары және 22 орталықтандырылмаған сумен жабдықтау объектілері.

2024 жылдың 1-ші жартыжылдығындаорталықтандырылған сумен жабдықтау объектілеріненмикробиологиялық көрсеткіштеріне 1287 су сынамасы алынып, оның 5-уі талаптарға сәйкес келмеді, сай келмейтін сынамалардың үлес салмағы –0,39 пайызды құрады (талаптарға сай келмейтін су сынамалары Қызылорда қаласында анықталды).

Ауыз судың санитарлық-химиялық көрсеткіштерінее 1287 сынама алынып, оның 29-да сәйкессіздік анықталды, сай келмейтін сынамалардың үлес салмағы –2,25 пайызды құрады (талаптарға сай келмейтін су сынамалары Қазалы, Жалағаш, Сырдарияауданданында және Қызылорда қаласындаанықталды). Санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік көбіне: құрғақ қалдық, хлоридтер бойынша  нормадан жоғары анықталды.

Облыс көлеміндегі барлық орталықтандырылған  сумен жабдықтау объектілерінде  жуу тазалау және дезинфекциялау жұмыстары толығымен жүргізілді. Халық арасында су факторына байланысты аурушаңдық  тіркелген  жоқ.

Ерлан Ұзақбаев

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: