Жексенбі, 22 желтоқсан, 10:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Байқоңыр зейнеткерлері МӘМС жүйесінің жеңілдетілген санаттарының қатарына енгізіледі

10.04.2023

594 0

РФ заңнамасының нормалары бойынша зейнетақы алатын Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің 4 мыңнан астам тұрғыны биыл МӘМС жүйесі ҚР азаматтарының жеңілдікті санаттары қатарына қосылады. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының жоғарыда аталған елді мекендердің тұрғындарымен кездесуі барысында хабарланды.

Талқылауға ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілінің міндетін атқарушы Жан Шайхысламов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шаймбетов, Байқоңыр қаласындағы көпсалалы аурухананың бас дәрігері Талғат Байтилеуов қатысты.

Байқоңыр қаласында және Төретам, Ақай елді мекендерінде 40 мыңға жуық адам тұрады, олардың 13 мыңға жуығы МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған. Бұл аталған елді мекендер халқының 32% – дан астамы. Көбінесе 12 айға төлемдері жоқ азаматтар, жұмысшылар, жеке кәсіпкерлер.

ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілінің м.а. Жан Шайхысламовтың ақпараты бойынша, Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде 4 351 тұрғын Ресей заңнамасы бойынша зейнетақы алады. ҚР азаматтарының бұл санаты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек алады және Ресей Федерациясының медициналық ұйымдарында шұғыл көмек алады. Қазір бұл азаматтардың мәліметтері ҚР Еңбек министрлігінің ақпараттық жүйесінде болмағандықтан, МӘМС аясында медициналық қызметтерге қол жеткізе алмай отыр.

Спикер атап өткендей, қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау министрлігі шешім жолдарын қарастырып, тиісті жұмыстар жүргізуде. Бұл мәселе ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі Қайрат Нұртайдың бақылауында.

Сондай-ақ, тұрғындардың бірі сұрақ қойды: жалақы айдың соңында есептелсе, неге МӘМС мәртебесі айдың басында «сақтандырылмаған» болады?

ӘМСҚ облыстық филиалының директоры Бақыт Исмаханбетовтың айтуынша, «МӘМС туралы» Заңның 30-бабына сәйкес, жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік, азаматтық қызметшілердің, АҚС шарттары бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың аударымдары мен жарналарын есептеуді және аударуды жұмыс беруші ай сайын жүзеге асырады. Сонымен қатар, аталған Заңның 5-бабының 2-тармағына сәйкес, БЖТ төлеушілерден басқа барлық санаттағы төлеушілердің сақтандыру мәртебесі МӘМС-ға соңғы төлем төленгеннен кейін 3 ай ішінде сақталады. Бірақ осы кезеңде қарыз жинақталады, оны болашақта «сақтандырылған» мәртебесін сақтау үшін өтеу керек. Тиісінше, қызметкердің МӘМС-ға төленбеген кезеңдері бар. Осыған байланысты, дербес төлеуші ретінде ай сайын 3 500 теңге төлеу қажет. Кездесу соңында МӘМС-ғы мәртебені fms.kz ресми сайтында, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegramдағы SaqtandyryBot немесе 1406 байланыс орталығына хабарласу арқылы тексеруге болатыны айтылды. Сондай-ақ, egov.kz ҚР электрондық үкіметінің сайтында «Денсаулық сақтау» бөлімінде медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеріп, жүргізілген төлемдер туралы «Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-ке аударылған сомалар туралы ақпарат» мемлекеттік қызметі арқылы білуге болады.

<strong>Байқоңыр зейнеткерлері МӘМС жүйесінің жеңілдетілген санаттарының қатарына енгізіледі</strong>
<strong>Байқоңыр зейнеткерлері МӘМС жүйесінің жеңілдетілген санаттарының қатарына енгізіледі</strong>

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: