Сәрсенбі, 27 қараша, 15:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Балаңызды сал ауруынан сақтаңыз

29.03.2024

427 0

Сурет:svetlcge.by

Полиомиелит –вирус тудыратын жұқпалы ауру. Бұл жүйке жүйесіне әсер етеді және бірнеше сағат ішінде жалпы сал ауруына әкелуі мүмкін. Вирус адамнан адамға, негізінен, фекальды, ауыз қуысы, сирек жағдайда инфекцияның қандай да бір қарапайым тасымалдаушысы (мысалы, ластанған су немесе тамақ) арқылы таралады және ішекте көбейеді. Алғашқы белгілері – қызба, әлсіздік, бас ауруы, құсу, мойынның қатаюы және аяқ-қолдың ауыруы.

Полиомиелиттің емі жоқ, оның тек алдын алуға болады және ол – вакцинация. Бірнеше рет берілген полиомиелитке қарсы вакцина баланы өмір бойы қорғай алады.

Балаларға профилактикалық егу вакцинаның екі түрімен жүргізіледі: 2, 3, 4, 18 айлығында аралас вакциналар құрамындағы белсенді емес полиомиелит вакцинасы, 12(15) айлық кезеңінде ауызға тамызатынвакцина. Полиомиелитке қарсы вакциналар балаларды қорғайды, олардың ағзасын полиовируспен күресуге дайындайды. Қолданылатын вакциналар тиімді және қауіпсіз.

Қызылорда облысы бойынша ағымдағы кезеңде полиомиелитке қарсы профилактикалық егулермен қамту жұмыстары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес жүргізілуде.

Егер полиомиелитке және басқа да вакцинамен басқарылатын инфекцияларға қарсы егулер уақтылы жүргізілмесе, онда инфекцияны жұқтыру және тарату ықтималдығы жоғары болады.

Көп жағдайда вакцина адамдарда дене температурасының жоғарылауы, вакцина салынған жерде ауырсыну мен қызару, іштің ауыруы түрінде болмашы және қысқа мерзімді жағымсыз әсерлер тудыруы ықтимал.

Полиомиелитті жұқтырған жағдайда ауру сал ауруына әкелуі мүмкін, баланың өмір бойы мүгедек болып қалу қаупі бар, ауру асқынған жағдайда тіпті өлімге әкеледі.

Сондықтан баланың денсаулығы мен өмірін қауіпті жұқпалы аурулардан және олардың зардаптарынан сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесі шеңберінде профилактикалық егулерді уақтылы алуды ұсынамыз.

Динара Жанабергенова

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: