Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 09:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жедел жәрдемнің «акушері» атанған фельдшер

28.04.2023

709 0

Қарап отырсақ, жедел жәрдем қызметіне адам жаны қысылғанда хабарласады. Ақ халатты абзал жандардың дер кезінде жасаған көмегінің нәтижесінде талай жанның ғұмыры жалғануда.

Бүгінгі біздің кейіпкеріміз – Ерлан Ауесбаев. Олблыстық медициналық жедел жәрдем стансасының үздік қызметкерінің бірі. 2007 жылдан бастап ОМЖЖ стансасында фельдшер, кейіннен фельдшер-субординатор (1-фельдшер) болып қызмет етуде. Осы жылдың қантар айынан осы уақытқа дейін 486 шақырысқа барды. Әр шақырыста жауапкершілікті жоғары сезінетін кейіпкеріміз әрдайым ұжым тарапынан құрметке бөленіп келеді. Адал еңбегі үшін жылдың «үздік фельдшері» атанды.

Осы жыл аралығында жедел жәрдемге түскен әр түрлі себепті шақырыстың барлығын жоғары деңгейде орындайды. Оның ішінде үй жандайында босандыру екінші мамандығы тәрізді. Өз мамандығының шыңына жетіп, осы жылдар ішінде 60-қа жуық әйелді үйде, немесе көлікте босандырып, перзентханаға аман-есен жеткізді. Оларға жоғары сапалы көмек көрсету арқасында ешқандай шағым түскен емес. Әріптестерінің арасында Ерлан Әуесбаевтың жедел жәрдемнің «акушері» деген екінші есімі барын да айта кеткенді жөн санадық.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: