Дүйсенбі, 12 қаңтар, 19:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№2 (2214)
10.01.2026
PDF мұрағаты

Дәрігерлердің жоқтығына немесе кезектің толық болуына байланысты медициналық көмек көрсетілмеген жағдайда не істеу керек?

12.01.2026

45 0

Егер қызмет көрсететін емханада қажетті бейінді дәрігердің кеңесін ала алмаса, қандай да бір диагностикалық қызметті өткізуге арналған жабдық болмаса, сондай-ақ мамандар мен жабдық болса да жазылу мүмкін болмаған жағдайда, пациент басқа клиникаға, оның ішінде жеке клиникаға да жолдама сұрауға құқылы. Ең бастысы бұл клиника Қордың жеткізушілер базасында болуы тиіс.

  Бұл ретте пациенттің тіркелген емханасы мен аталған клиника арасында қосалқы орындау шартының бар-жоғы маңызды емес, өйткені жолдама жасалған кезде ол ақпараттық жүйеде автоматты түрде жасалады.

Жалпы, пациенттің медициналық көрсеткіштері бола тұра жолдама беруден немесе медициналық көмек көрсетуден бас тартылса, ол Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне жүгінуге құқылы. Мұндай қызметтер әрбір медициналық ұйымда құрылған және мәселелерді «осы жерде және қазір» қағидаты бойынша шешеді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының

Қызылорда облысы бойынша филиалының ақпараты бойынша

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: