Жексенбі, 24 қараша, 05:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Эхинококкоз қандай ауру?

31.10.2024

325 0

Сурет: bestfacts.ru

Эхинококкоз – паразитарлық індет, адамның жасы мен жынысын таңдамайтын паразиттік аурулардың ішіндегі ең қатерлі, қиын да күрделі созылмалы аурулардың бірі. Эхинококк жұмыртқаларын тасымалдаушылар – иттер, үй жануарлары, кеміргіштер және жәндіктер болып табылады. Ауру қоздырғыштары жануарлардан топырақ, су, өсімдіктер, мал өнімдері арқылы адамға және басқа ауыл шаруашылық малдарына жұғады, қарапайым санитариялық-гигиеналық қағидаларды сақтамауы салдары ауруға шалдығу қаупін арттырады. Эхинококкоздың едәуір бөлігі созылмалы түріне ауысуына байланысты мүгедектікке, асқынған жағдайда тіпті өліммен аяқталуы мүмкін.

Адамдарда эхинококкоз көптеген айлар, тіпті жылдар бойы клиникалық белгілерінсіз өтетін жағдайлар болады. Эхинококк адамның барлық дерлік мүшелері мен тіндеріне таралмауы мүмкін, көбінесе бауырда кездеседі.

Облыс  бойынша 2024 жылдың 9 айында 16 эхинококкоз жағдайы тіркеліп, 2023 жылмен салыстырғанда 1,7 есеге төмендеген. Жалпы тіркелген 16 науқастың арасында 11-і (69%)ауыл тұрғындары болса, қалған 5 (31%)жағдай қала тұрғындарына тиесілі. 

Эхинококкозбен  сырқаттанушылық Қазалы ауданынан басқа барлық аудандар мен Қызылорда қаласында орын алды.

Науқастанғандардың барлығы медициналық көмекке жүгіну кезінде анықталған. Эхинококкоз ауру ошағында  ветеринария мамандарымен бірігіп толық эпизоотологиялық-эпидемиологиялық зерттеу жүргізіліп, қарым-қатынастағыларды анықтап, ошақта індетке қарсы алдын алу жұмыстары жүргізілді.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті паразиттерді жұқтырып алмас үшін бірнеше ережелерді сақтауға кеңес береді:

  • қарапайым жеке бас гигиенасын орындау, көшеден келгеннен кейін, тамақтанар алдында, ақшамен, жануарлармен жанасқаннан кейін қолды сабындап жуу;
  • қаңғыбас иттерге жақындамау, үй жануары бар болса жүйелі түрде ветеринарлық клиникаға тексертіп отыру. Міндетті түрде жануарды дегельминтизациялаудан өткізіп отыру.
  • көкөністер мен жеміс-жидектерді, тіпті өз бақшаңыздан алынған болса да мұқият жуу;
  • егер қауіпсіздігіне күмәндансаңыз суды ішпеу, сондай-ақ ондай суды ас дайындау үшін пайдаланбау;
  • тағамға тек термиялық өңдеуден өткен өнімдерді пайдалану;
  • асүйді шыбын-шіркейден таза ұстау. Мысалы, терезелерге қорғаныш тор бекіту, дайын тағамдардың бетін жауып қою;
  • балық және ет тағамдарын әзірлеу қағидаларын сақтау;
  • аурудың белгілері байқалған болса, дәрігер көмегіне жүгіну.

Әлия Әбдіқайымова – Қызылорда облысының СЭБД басшы орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: