Жұма, 27 желтоқсан, 07:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Эпидемиологиялық ахуал бірқалыпты

14.11.2024

174 0

2024-2025 жылғы жаңа эпидемиологиялық маусымда Қызылорда облысында жедел респираторлы вирусты инфекцияға 16414 адам шалдыққан. Оның 66% – 14 жасқа дейінгі балалар. Сонымен қатар облыс көлемінде зертханалық жолмен нақтыланған тұмау ауруының 1 жағдайы анықталды.

Айта кету керек, ауыр ағымдағы жіті респираторлы вирусты инфекцияға шалдыққан науқастардың анализдері тұмаумен қатар коронавирус инфекциясына да зертханалық жолмен тексеруге жолданады. Қазіргі таңда жыл басынан бері аймағымызда коронвирустың 90 дерегі тіркелді. Нақты айтқанда, қаңтар-мамыр аралығында аймақта 76 адамнан COVID-19 жұқтыру дерегі анықталса, мамыр айынан бастап тамызға дейін коронавируске шалдығудың бірде-бір дерегі тіркелген жоқ. Тамыз айында 3 дерек және қыркүйекте 6 жағдай, қазанда 5 дерек есепке алынды. Жалпы бүгінгі таңда эпидемиологиялық ахуал тұрақты деп бағалауға болады.

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің міндетін атқарушы №7 қаулысына сәйкес биыл тұмауға қарсы вакцинациялауды 15 қыркүйектен бастады.  Бұл мақсатта облыстық бюджеттен 85 004 доза вакцина сатып алынды. Тұмауға қарсы иммундауға Ресей елінде өндірілген «Гриппол плюс» вакцинасы қолданылады. Бұл тұмаудың штамдарына қарсы тиімді қорғаныс қалыптастырады. Вакцинациялау облыс емханаларында әлі күнге дейін жалғасуда. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 қаулысымен бекітілген медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық екпелерді жүргізу қағидаларына сәйкес жыл сайын тұмауға қарсы вакцинациялау тиісті контингенттерге тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханаларда тегін жүргізіледі. Олар ең алдымен медицина қызметкерлері, медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған балалар және балалар үйлерінің, сәбилер үйлерінің балалары, қарттар үйінің контингенті. Сондай-ақ эпидемиологиялық көрсетілімдері бойынша жүргізіледі. Бұдан бөлек, еңбек ұжымдары өз қызметкерлерін тұмауға қарсы ақылы түрде егуге мүмкіндіктер қарастырылған. Бүгінгі күні тиісті контингенттің 70% яғни 59608 адам тұмауға қарсы екпе алды, бұдан бөлек, жұмыс берушілер есебінен 1000 адам вакцинациядан өтті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықты тұмаудан қорғаудың жалғыз және тиімді әдісі ретінде тұмауға қарсы вакцинациялауды ұсынады. Сондықтан тұрғындар, әсіресе жоғарыда атап өткен тәуекел тобындағы адамдар жауапкершілік танытып, екпе алғаны дұрыс. Бұған қоса, жұмыс орындарында ұжымдық иммунитетті қалыптастырудың маңызы зор. Тұмау мен оның асқынуларының алдын алу үшін ауруға байланысты ұзақ мерзімді жұмысқа қабілеттілігін жоғалту мен ауруханаға жатқызуды болдырмау үшін ұжымдық иммунитетті қалыптастыру, ағзаны асқынулардан қорғау және тұмау эпидемиясының денсаулық салдарын азайту мақсатында жұмысшылар мен қызметкерлерге вакцинациялау маңызды. Себебі тұмау өзінің асқынуларымен қауіпті. Ең жиі кездесетін тұмау ауруының асқынуы – пневмония. Басқа да жиі кездесетін асқынулар –  бронхит, синусит, отит, миозит, миокардит. Бұл ауру 2 жасқа дейінгі балалар, созылмалы ауруы бар науқастар және қарттар арасында ауыр ағымда өтеді. Сондықтан респираторлық аурулардың бірінші белгілері пайда болған кезде өзін-өзі емдеумен айналыспай, тез арада  аймақтық дәрігерлерді үйге шақыртып, дер кезінде ем алу қажет.  Бұл егуге қосымша тағы сақтық шаралары ол әдеттегідей, салауатты өмір салтын ұстану – дұрыс ұйқы, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі және жеке бас гигиенасын сақтау да қосалқы сақтық шаралары болып есептеледі.

Әлия Әбдіқайымова

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: