Топ-баннер2

Жұма, 13 наурыз, 11:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18 (2230)
07.03.2026
PDF мұрағаты

МӘМС аясындағы аз инвазивті хирургия

13.03.2026

58 0

Фото: МӘМС

Арал аудандық көп бейінді орталық ауруханасында аз инвазивті оталар кеңінен қолданылуда. Лапароскопиялық емдеу әдістері жоғары тиімділігін дәлелдеп, асқыну қаупін азайтуға және пациенттердің қалпына келу мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Оталар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен МӘМС жүйесі аясында жүргізіледі.

Жаңақұрылыс ауылдық округінің тұрғыны Бекболат Орынбасаров жедел жәрдем бригадасымен аудандық ауруханаға қатты ауырсыну шағымымен жеткізілді. Тексеру барысында дәрігерлер өт қабында тас бар екенін анықтады. Пациентке өт қабын алып тастауға арналған лапароскопиялық холецистэктомия сәтті жасалды.

«Ауруханаға қатты ауырсыну ұстамасымен түстім. Шұғыл ота жасалды, тез арада қалпыма келдім. Көмек көрсеткен дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне алғысым шексіз. МӘМС жүйесінде сақтандырылғанмын, әрі қарай ем алып жатырмын», – дейді Бекболат Орынбасаров.

Хирургтердің айтуынша, бұрын тек облыс орталықтарында жасалатын көптеген оталар бүгінде аудандық аурухана деңгейінде де қолжетімді.

«Мысалы, біз холангиостомия жасаймыз – бұл бауырдың өт жолдарына өттің ағуын қамтамасыз ету үшін дренажды түтік орнату ота. Сондай-ақ адреналэктомия, яғни ісіктер кезінде бір немесе екі бүйрек үсті безін алып тастау отаны жүргіземіз. Бұдан бөлек, шап жарығында лапароскопиялық герниопластика жасалады. Сонымен қатар күрделі көп сынықты сүйек сынуларында остеосинтез – сүйектерді бекітуге арналған хирургиялық әдіс қолданылады. Осы және басқа да оталардың түрлері біздің ауруханада сәтті жүргізілуде», – деді Арал аудандық көп бейінді орталық ауруханасының бас дәрігері Бауыржан Қуанышбаев.

Арал көпсалалы орталық аудандық ауруханасында шамамен 300-ге жуық науқас ем қабылдауда. 2026 жылы аудандық ауруханаға медициналық көмек көрсету үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 8,4 млрд теңге бөлінді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының

Қызылорда облысы бойынша филиалының ақпараты бойынша

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: