Дүйсенбі, 25 қараша, 18:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

МӘМС пакетіндегі балаға көрсетілетін медициналық көмек

13.12.2022

550 0

2022 жыл – балалар жылы. Ел тұрғындарының шамамен 34%-ы 17 жасқа толмаған балалар. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалына балаларға медициналық көмек көрсету тәртібі бойынша көптеген сұрақтар келіп түсуде. Жиі қойылатын сұрақтарға ӘМСҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов жауап берді.

– Балаларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын төлеуім керек пе?

– Жоқ, 18 жасқа дейінгі балалар жеңілдікті санатқа жатады, олар үшін мемлекет МӘМС үшін аударымдар жасайды. Сондықтан медициналық сақтандыру пакетіндегі медициналық көмек балаларға толық көлемде қолжетімді.

– Балаларға арналған стоматологиялық қызметтер МӘМС пакетіне кіреді ме және қандай қызметтерді тегін алуға болатындығын көрсете аласыз ба?

– 18 жасқа дейінгі балаларға стоматологиялық көмек шұғыл және жоспарлы түрде тегін көрсетіледі. Медициналық сақтандырудың стоматологиялық қызметтер пакетіне мыналар кіреді:

– тісті жансыздандыру және жұлу;

– пломба салу;

– абсцесстерді ашу;

– пульпит, периодонтитті емдеу;

– гипоплазия, флюороз кезінде тістің анатомиялық пішінін толық функционалдық қалпына келтіру;

– еріндер мен тілдердің пластикасы;

– рентгенография;

– ортодонтиялық қызметтер: жақ-бет аймағының туа біткен патологиялары және таңдайдың бөлінуі (қасқырдың аузы) болған кезде.

Стоматологиялық көмек алу үшін  емханаға да, стоматологиялық клиникаға да жүгіне аласыз. Бұл ретте, стоматологиялық қызмет көрсететін клиника Қордың әлеуетті жеткізушісі болуы тиіс және әлеуетті жеткізушісі тізімінде болуы маңызды.

Стоматологиялық қызметтерді жеткізушілердің тізімін қордың сайтынан көруге болады https://fms.kz/kz/zakupki/postavshchiki-kdu-uslug/.

– Қандай жағдайларда балалар құрғақ сүт қоспаларымен тегін қамтамасыз етіледі?

Бір жасқа дейінгі балалар үшін бейімделгіш құрғақ қоспалар тіркелген жеріндегі емханаларда мынадай жағдайларда беріледі:

– емшектегі нәрестені асырап алу;

-анасында АИТВ инфекциясының немесе туберкулездің белсенді түрінің, жіті психикалық аурулардың, туа біткен және пайда болған жүрек ақауларының, жүрек-қантамыр жүйесінің декомпенсациясымен ілесе жүретін аурулардың, эндокриндік және аллергиялық аурулардың ауыр түрлерінің болуы;

– балада туа біткен лактаза жеткіліксіздігінің, галактоземияның, фенилкетонурияның, «үйеңкі шәрбаты» ауруының болуы;

– ананың цитостатикалық, радиоактивті, тиреоидты, психотроптық және есірткі дәрілік препараттарды қабылдауы;

– бірнеше баланың дүниеге келуі және емшек сүтінің жетіспеушілігі;

– әйелдің күндізгі оқу нысанында оқуы;

– әйелдің стационарда емделуде болуы.

Ананың жағдайына байланысты оған тек жасанды және аралас тамақтандыру тағайындалуы мүмкін. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізбесімен толығырақ мына сілтеме бойынша танысуға болады: Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 09 қаңтардағы № ҚР ДСМ-1/2020 бұйрығы.

<strong>МӘМС</strong><strong> пакетіндегі балаға көрсетілетін медициналық көмек </strong><strong></strong>

–  Созылмалы аурулары бар балаларға қандай оңалту шаралары қарастырылған?

– Созылмалы аурулары бар балалар мен жасөспірімдер жылына екі-үш рет тұрақты медициналық оңалтудан өте алады. Бұл асқынулардың алдын алу үшін емханаларда динамикалық бақылау кезінде жасалады.

Үшінші кезеңді оңалтуды пациенттің ауруына байланысты емхананың медицина қызметкерлерінің жолдамасы бойынша емханаларда, күндізгі және тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларда, оңалту орталықтарында және үйдегі стационарларда жүргізеді.

– Спорттық секцияларға жазылмас бұрын ЭКГ, жүрек ультрадыбысын тегін алуға және балаға кардиологтың қорытындысын алуға бола ма?

– Әрине. Ол үшін тіркелген жері бойынша учаскелік дәрігердің/педиатрдың қабылдауына жазылу, консультация кезінде жүгіну себебін көрсету қажет. Дәрігер кардиологқа жолдама береді және ол спортқа қарсы көрсеткіштерді болдырмау үшін қажетті шараларды тағайындайды.

– Қандай жағдайларда балалар дәрігерін үйге шақыруға болады?

– 5 жасқа дейінгі балаларға денсаулық жағдайының кез келген нашарлауы кезінде учаскелік дәрігер үйде қызмет көрсетеді.

5 жастан асқан балаларға үйге шақырған кезде оның шақыру себебіне және баланың жағдайына байланысты алғашқы медициналық – санитариялық көмек маманы-дәрігер, орта медицина қызметкері көмек көрсетеді.

– Жеке клиникаларда жоспарлы егуді тегін алуға бола ма, ол үшін не істеу керек?

ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына сәйкес, инфекциялық ауруларға (туберкулез, гепатит, полиомиелит, көкжөтел, дифтерия және сіреспе, B типті гемофильді инфекция, пневмококкты инфекция, қызылша, қызамық және паротит (свинка) қарсы жоспарлы профилактикалық екпелер – балаларға меншік нысанына қарамастан, тіркелген жеріндегі медициналық ұйымда тегін жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда вакцинация жүргізу мерзімі жасына сәйкес Ұлттық егу күнтізбесімен белгіленген.

– Балаға туа біткен жүрек аномалиясы диагнозы қойылды, оған қандай көмек қажет?

– Туа біткен жүрек кемістігі бар балаларға медициналық көмек диагностикалау мен емдеудің барлық кезеңдерінде тегін көрсетіледі

 – Балабақшаға немесе мектепке ресімдеу кезінде медициналық анықтама сатып алу керек пе

– Жоқ, сатып алудың қажеті жоқ. Балабақшаға немесе мектепке қабылдау үшін медициналық анықтаманы тіркелген жері бойынша емханадан сұратуға болады. Анықтамаға баланың физиологиялық параметрлері, бар аллергиялық реакциялар, созылмалы және бұрын болған инфекциялық аурулар, алынған екпелер, профилактикалық тексерулердің және зертханалық талдаулардың нәтижелері және т. б. енгізіледі.

Бала балабақшаға түскеннен кейін картаны балабақшаның медицина қызметкері толтыруды жалғастырады.

–  Балаларға профилактикалық тексерулерді қаншалықты жиі өткізуі керек?

– Балаларды профилактикалық тексеру жыл сайын – туғаннан бастап кәмелетке толғанға дейін жүргізіледі. Мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілерін, мектеп оқушыларын, орта арнаулы оқу орындарының оқушыларын және 18 жасқа дейінгі студенттерді білім беру ұйымдарындағы көшпелі бригада тексереді. Мектепке дейінгі мекемелерге бармайтын балаларды тексеру емханада немесе отбасылық денсаулық орталығында жүргізіледі.

Профилактикалық қарап-тексерулердің жиілігі мен кезеңділігі Қазақстан Республикасы Министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДМС-264/2020 «Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының оқушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы» бұйрығымен белгіленген.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: