Сәрсенбі, 24 желтоқсан, 13:51

• Қаз
• Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№98 (2210)
23.12.2025
PDF мұрағаты

МӘМС жүйесіндегі өзгерістер туралы мобильді топ түсіндіруде

24.12.2025

58 0

Өңірде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңға енгізілген жаңа өзгерістерге қатысты халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары күшейтілді. Осы күндері арнайы мобильді топ аймақтағы медициналық ұйымдардың ұжымдарымен кездесулер өткізуде. Оның құрамына Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының, облыстық денсаулық сақтау басқармасының және Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы филиалының мамандары кірді.

МӘМС жүйесіндегі өзгерістер туралы мобильді топ түсіндіруде

Кездесулер барысында медицина қызметкерлеріне МӘМС жүйесіндегі негізгі жаңалықтар жан-жақты түсіндірілуде. Атап айтқанда, 2026 жылдан бастап тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК) әлеуметтік маңызы бар аурулардың 11 тобы бойынша профилактика мен диагностика енгізілетіні атап өтілді. Бұған дейін мұндай қызметтер тек АИТВ-инфекциясы мен туберкулезге күдік болған жағдайда ғана көрсетілетін.

МӘМС жүйесіндегі өзгерістер туралы мобильді топ түсіндіруде

Енді тізім қатерлі ісіктермен, созылмалы вирустық гепатиттермен және бауыр цирозымен, психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстармен, орфандық аурулармен, жүйке жүйесінің дегенеративті ауруларымен, демиелинизациялайтын аурулармен, эпилепсиямен, жедел миокард инфарктісімен (алғашқы 6 ай), инсульттермен (1 жыл ішінде) толықты.

МӘМС жүйесіндегі өзгерістер туралы мобильді топ түсіндіруде

Сонымен қатар ТМККК-ға артериялық гипертония, ишемиялық жүрек ауруы, глаукома, қант диабеті, В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға арналған скринингтер енгізілді.

МӘМС жүйесіндегі өзгерістер туралы мобильді топ түсіндіруде

Аталған шаралар дер кезінде диагностика жүргізуге және ауруларды ерте анықтауға мүмкіндік беріп, емдеу нәтижелері мен пациенттердің өмір сапасын арттыруға оң әсерін тигізетіні атап өтілді.

МӘМС жүйесіндегі өзгерістер туралы мобильді топ түсіндіруде
МӘМС жүйесіндегі өзгерістер туралы мобильді топ түсіндіруде

Сондай-ақ 2026 жылдан бастап бірқатар созылмалы ауруды, оның ішінде артериялық гипертензияны, қант диабетін, церебралды сал аурын, ревматизмді, дәнекер тінінің жүйелі зақымдануларын, бүйрек ауруларын емдеу және бақылау емхана мен стационарда МӘМС пакетіне ауыстырылады.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

«Әлеуметтік медициналық сактандыру қоры»

КеАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: