Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 10:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қармақшы ауданы мен Байқоңыр қаласында МӘМС мәселелері бойынша халықпен кездесулер өтеді

04.04.2023

533 0

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының мамандары аудандарда МӘМС мәселелері бойынша консультациялар өткізуді жалғастыруда. Халықпен келесі есептік кездесулер ағымдағы жылдың 5 сәуірінде өтеді.

Жосалы кенті, сағат 10.00, К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйі;
Қатысушылар: Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Ж. Б. Ерқұсаев, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Б.Т. Исмаханбетов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы М. М. Мирзанова, Қармақшы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Б. С. Нысанбаев.

Байқоңыр қаласы, сағат 15.00, «Байқоңыр» кешеніндегі ҚР Президентінің арнайы өкілдігінің мәжіліс залы;

Қатысушылар: ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі Қ.Ы. Нұртай, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Б.Т. Исмаханбетов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы М.М. Мирзанова, Байқоңыр қаласы көпсалалы ауруханасы бас дәрігері Т.Ә. Байтілеуов.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: